«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аудио- бейне жазба құралдарына салынатын салық ашық болуы керек

2020 жылғы 04 Наурыз
11779 просмотров

Қазақстанға телефон, телевизор, ноутбук, компьютер және басқа да материалдық тасымалдаушытарды әкелетін импорттаушылар аудио- немесе бейне материалдар жазылып, ойнатылатын әр әкелінген телефон немесе басқа техниканың  құнынан 0,7%-ға дейін салық төлейтін болады. Аталған салық түрі – «болванкаға салық» деп аталады. Отандық кәсіпкерлер олар салықты кімге төлейді, бұл қаражат түпкі бенефициарларға дейін жеткенін білгісі келеді

 Бұл мәселелер «КАТЭКС» Қазақстандық сауда компаниялары мен электр-тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер тауар өндірушілері қауымдастығының бастамасымен ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Өстеміровтың жетекшілігімен «Атамекен» алаңында өткен жиын барысында көтерілді. Жиынға Әділет министрлігі, Сыбайлас жемқорллық қарсы іс-қимыл агенттігі, ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқару бойынша ұйымдар, SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA LLP, «Technodom Operator» АҚ,  «КаР-Тел» ЖШС өкілдері қатысты.

 «Авторлық құқық туарлы заңға сәйкес импорттаушылар авторлық қоғамға   кедендік құнынан 0,35% және жабдықтың 1 бірлігін  сату бағасынан 0,35% төлеуі қажет болады. Біз авторлық қоғамдардың жұмысын сараладық. Авторлық сыйақыға берілген ақша авторлар мен құқық иеленушілерге жете бермейтінін анықтадық. Авторлық қоғамдар музыкалық туындылардың құқық иеленушілері болып табылатын өздерінің құрылтайшыларына іздеу жариялайды. Біз бұл жайтта іздеу және сыйақыны төлеуде шартты тәсіл қарастырамыз. Бизнес авторлық сыйақыны төлеуге дайын, бірақ осы қаражат қайда және кімге баратынын білгісі келеді», – деп санайды «Атамкен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің басқарушы директоры Шыңғыс Темір.

«Бұл норма Кәсіпкерлік кодексті бұзумен қабылданған деп санаймыз, өйткені норманың кәсіпкерлер мүддесіне қатысты 65, 82-баптарына сәйкес экономикалық салдар және реттеушілік әсерді есептеуден тұруы керек. Белгіленген 0,7%-дық мөлшерлеме өте үлкен әрі ол кәсіпорындардың экономикалық қызметіне кері әсер етеді деп санаймыз. Осы қаулының әрекетін оған өзгерістер енгізілгенше тоқтатуды ұсынамыз», – деп ұсынды «КАТЭКС» төрағасы Сергей Архипкин.

ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі департамент директорының орынбасары Гүлнар Кәкен қаулыны енгізуде белгіленген тәртіп ұстанған деп санайды.

«Заң 40% авторларға, 30% орындаушыларға, 30% – фонограмма өндірушілерге төленуін қарастырады. Әр қоғам тоқсан сайын алымдар бойынша кірістерді бөліп отырады. Аудио фонограммаларды ойнатуға болатын жабдықты өндірушілер мен импорттаушылардан өтемақылық алымдарды  төлеуді қарастыратын 26-баптың нормасы 1996 жылы енгізілген, сондықтан реттеушілік әсер талдауы жүргізілген жоқ. Әлемдік практикада мөлшерлеме 3%-дан 6%-ға дейінгі аралықта, Ресейде 1%. Біз Ұлттық палатаның аудиовизуалды туындыларды немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын ойнату үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық тасымалдаушылардың тізімін бес позицияға дейін қайта қарау туралы бастамасын қолдадық, қазіргі таңда Ұлттық палата тарапынан мақұлдауды күтіп отырмыз», – деді Әділет министрлігінің өкілі.

 Бұдан бөлек, Әділет министрілігі өкілінің айтуынша,  авторлық қоғамдар өздерінің әкімшілік шығындарына барлық сыйақылар жинағынан 30%-ға дейін ғана жұмсауы керек. Талап етілмеген сыйақы автор сұрамағанша  ескіру мерзімінсіз ұйымның шотында болуы тиіс. Авторлық алым жинайтын ұйымдар бұл қаражатты жаратуға құқылы емес.

 «2019 жылы интернет провайдерлерден алым жинауды ұсындық, өйткені оларда интернет пайдаланушы қандай контентті жүктейтіні туралы статистикалық деректер бар. Бірақ біздің ұсынысымызды Әділет министрлігі назарсыз қалдырды», – деді Сергей Архипкин.



«Болванкаларға салық адамдар авторлық құқықты бұзып, кассеталар мен дискілерге музыка жазған уақытта енігізлген. Қазір ешкім олай істемейді. Барлығы музыка мен фильмдерді онлайн немесе стирмингті платформаларда тыңдап, көреді. Бұл салық түрі ескірген әрі ешқандай өтемалық міндетті атқармайды. Егер біз авторлық қоғаммен ешқалай әрекеттеспесек, бізде олармен қандай келісімшарт болады? Төлеуге қарсы емеспіз, бірақ бұл мемлекет жинайтын ресми салық болсын. Ақша жинайтын ұйымды таңдау механизмі қандай? Біз шетелдік құрылтайшыларға ұйым қалай анықталғанын, ақша қайда кетіп жатқанын түсіндіре алмаймыз», – деді SAMSUNG ELECTRONICS өкілі Евгений Аманбаев.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  және Сыбайлас жомқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасындағы 2020 жылдың 27 ақпанында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша    Жол картасы шеңберінде авторлық сыйақыны жинау практикасына талдау жүргізіледі. Ұжымдық басқару бойынша ұймдарға құқық иеленушілерге сыйақыны бөлу бойынша ашық әрі түсінікті механизмді әзрлеу қажет», – деді ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Өстеміров.

 Жиын қорытындысы бойынша жеке мақсатта және пайда көздеусіз аудиовизуалдық туындылар мен фонограммаларды тыңдау үшін сыйыақы мөлшерлемесін төмендету, сонымен қатар ашықтықты қамтамасыз ету үшін авторлық құқық қоғамдарын автоматтандыру және цифрландыру тәсілін табу бойынша шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер