«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда облысында өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік бюджетке 73,8 млрд.теңге салық түсірген

2020 жылғы 28 Ақпан
- Қызылорда облысы
1948 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкердер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес-қауымдастық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Бүгін «Кәсіпкерлер үйінде» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың бизнес-қауымдастық алдындағы есебі өтті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов, мүдделі мемлекеттік орган басшылары, Өңірлік кеңес, аудандық кәсіпкерлер кеңесі, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі мүшелері, жалпы аймақтың бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Кездесу басталмас бұрын «Бастау» жобасы бойынша оқып, кәсіптерін ашқан бизнес өкілдерінің өнімдерінен көрме көрсетілді.

Кәсіпкерлермен кездесуде «Қазіргі таңда өңірдегі кәсіпкерліктің күйі қалай?» «Қандай экономикалық жағдайда дамуда?» деген сауалға жауап берген Палата директоры: «Қызылорда облысының экономикасы мұнай өндірісіне тәуелді екені білгілі. Өткен жылы мұнай өндірісі көлемінің 13%-ға төмендеуі тиісінше өнеркәсіптік өнімнің 10,7%-ға азаюына алып келді. Жалпы, соңғы 7 жылда облыста мұнай өндірісі екі есеге дейін азайып, 5,5 млн.тоннаға дейін төмендеген. Биыл да 1 млн.тоннаға кемиді деген болжам бар. Сондықтан өндеу өнеркәсібі бағытында облыс экономикасын әртараптарандыру – күн талабы. Оны тек шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қол жеткізе аламыз», - дей келе соңғы жылдары өңірде шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері өскенін атап өтті.

Оған дәлел статистикалық көрсеткіштер.

2020 жылғы 1 қаңтарға өңірде 46 297 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда (дара кәсіпкерлер –  70%, шаруа қожалықтары – 17,8% және заңды тұлғалар – 12,2%). Өсім – 9,3%.

2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікте 285,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Өсім – 9,9%.

Соңғы 3 жылда шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 14,2%-дан 18%-ға өскен.

Өткен жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 92 223 адам жұмыс жасады. Өсім – 2,5%.

2019 жылы шағын және орта кәсіпкерліктен бюджетке
73,8 млрд.теңге салық түскен. Өсім – 10,6%.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер