«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнестің жол картасы»: Балқашта құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі жолға қойылған

2020 жылғы 28 Ақпан
- Қарағанды облысы
8340 просмотров

«SilkGenerlGroup» компаниясы Қарағанды облысында алғашқылардың бірі болып, полиэфирлік шайыр мен шыныталшықтардан кәріз құдықтарына арнап қақпақ шығара бастады

Компания директоры Бақыт Тоқмолдин «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқып шықты, жеңілдікпен несие алып, жеке кәсібін ашты. Бүгінде компания құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша өндірісті іске қосқан.

«SILK GENERAL GROUP» компаниясы қалада құрғақ құрылыс қоспаларын шығарушы алғашқы әрі жалғыз өндіруші. Бір ауысымда фирма «Qamal» сауда маркасымен  сапалы әрі нарықтық бағадан төмен бағада 20 тонна қоспа шығара алады.

 «2016 жылдың басында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша біз композитті люктерді шығару өндірісін шығардық. Осымен тоқтамадық. Қазір «Qamal» құрғақ құрылыс қоспалары 8 аталымнан тұрады, атап айтқанда, 2 түрлі гипс сылағы, полимерлі және финишті сылақ, цементті сылақ, құйлмалы еден және плиткаға арналған 2 түрлі желім», – деді компания директоры  Бақыт Тоқмолдин.

 Балқаштық фирма қала бойынша гипс әрі цемент қоспаларын «Qamal» сауда маркасымен сатады. Бағалар нарықтық құннан төмен, ал сапасы ешбір баламадан кем емес.

 «Сауда маркамыз «Qamal» деп аталады. Материалдар қазақстандық, ұнтақталған мәрмәр және гипс отандық, химиялық қоспалар – еуропалық. Атап айтқанда Швеция, Германия елдері», – деді «SILK GENERAL GROUP» ЖШС бас технологы Әділ Оспанов.

 Компанияның өндірістік базасы Қарағанды облысы Балқаш қаласында орналасқан. Өндіріс спектрі ауқымды, мұнда құрғақ құрылыс қоспаларды, құдық қақпаларын, «Таймас» сырғанауға қарсы насадкаларды әрі масаға қарсы тұзақтарды табуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер