«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ербол Өстеміров: Адамдар жер телімдерін алумен байланысты мәселелерге шағымдануда

2020 жылғы 27 Ақпан
2984 просмотров

Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кәсіпкерлердің IV республикалық форумы  барысында ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Өстеміров мәлімдеді

 Спикер адамдардың жер телімдерін алудағы мәселелерге жиі шағымдануының бір себебі – Жер кодексіндегі түсініксіз нормалары екенін айтты.

 «Жер кодексінде жер берудің 8 тәртібі барын анықтадық. Заңгер болсақ та жерді қалай дұрыс беру қажет екенін түсіне алмадық. Мәселен, 2018 жылы Бас прокуратура әкімдіктер заңсыз бөлген 3 мың жер телімін анықтаған. Олардың барлығы акционмен емес, жер комиссиялары арқылы бөлінген», – деп нақтылады Ербол Өстеміров.

Спикер жер телімдерін беру бойынша барлық тәртіпті бір ізге келтіру бойынша мәселені қарау, процедураларды толықтай автоматтандырып, оңтайландыру және мерзімдерді қысқарту қажеттілігін атап өтті.

Кәсіпкерлер көтерген тағы бір мәселе – ашық қолданыста бос жерлер туралы ақпарттың болмауы. Егер мұндай ақпарат болса да, ондағы мәліметтер әр түрлі әрі өзекті емес.

«Геопорталдар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеп, бос жер телімдері туралы ақпарат беріп, жерді алумен байланысты қызметтер кешенін көрсетуі тиіс. Орталық деңгейде геопорталға қойылатын талаптардың орындалуын үйлестіріп, мониторинг жүргізетін мемлекеттік орган белгіленуі қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жұмыстан бас тартты», – деді спикер.

Ербол Өстеміров бос жатқан жерлерді заңнамалық регламенттеу және әкімдіктердің жерлерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін бекіту туралы ұсыныс жасады.

Бұдан бөлек, спикер отандық бизнестің құрылыс саласындағы мәселесін – құрылыс материалдары мен жұмыстардың сметалық бағаларының нарықтық бағадан қалыс қалуын атап өтті. Ербол Өстеміров сметалық нормалаудың қолданыс әдістемесін қайта қарауды, жеткізушілер және өндірушілердің құрылыс материалдарының бағалық ұсыныстарын тізбесін ашық қолданысқа орналастыруды ұсынды. Заңнама құрылыс материалдарына баға өзгергенде жоба құнын түзетуге мүмкіндікті қарастыруы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер