«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 6 елге бармауға кеңес берді

2020 жылғы 27 Ақпан
4965 просмотров

Коронавирустың өршуіне байланысты қазақстандықтарға Жапония, Корея Республикасы, Иран, Италия, Гонконг және Тайваньға бармауға кеңес беріледі. Өз кезегінде  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап тұрақты рейстердің саны шектелетіні хабарланған.

 «Эйр Астана»

– Алматы-Сеул, аптасына 5-тен 1 рейске дейін;

- Нұр-Сұлтан-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;

«Asiana Airlines»

- Алматы-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін.

«Mahan Air»:

-Алматы-Тегеран, аптасына 1 рет жасалатын рейс тоқтатыла тұрады.

Аталған рейстерге 1 наурыздан бастап билеттері бар жолаушылар билеттерді қайтаруды рәсімдей алады. Сомалар айыппұл санкцияларсыз толық көлемде рәсімделеді.

 Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданома короновирустың өршуі пандемияға ұласуы мүмкіндігін атап өтті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер