«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбылдық омарташылар мектеп тамағына бал қосуды ұсынды

2020 жылғы 25 Ақпан
- Жамбыл облысы
3349 просмотров

Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы Өңірлік Кеңесі мүшелерінің облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен өткен кездесуде айтылды.

Ара шаруашылығы - өндіріс саласындағы жоғары табысты азық-түлік өнімі болуы әбден мүмкін. Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп құрылған омарташылар Қауымдастығының төрағасы, «Альфа» шаруа қожалығының басшысы Бахром Нұралиев бүгінде ара шаруашылығы саласына қандай қолдау қажеттігін жеткізді.

«Өткен жылы өңірде 562 тонна бал өндірілген, бір адамға қажеттілік жылына алты келіні құрайды екен. Егер жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетілсе, облыстың омарташылары одан да көп бал өндіре алады. Ол үшін бізге лизингке бес-жеті жылға дейін ұзақ мерзімге құрал-жабдықтар қажет», – деп сұрады Бахром Нұралиев.

Бұдан өзге, Жамбыл облысы омарташылар Қауымдастығының төрағасы әкімге тағы бір мәселені шешуге ықпал ету туралы өтініш білдірді. Олар мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің тамақтану рационына бал қосуды сұрады. Бұл біріншіден, бал өнімдерін сатуға, екіншіден өскелең ұрпақтың иммунитетін жақсартуға мүмкіндік береді, - деді кәсіпкер.

Бұл сұрақ аймақ басшысы тарапынан қолдау тапты. Бердібек Сапарбаев омарта шаруашылығы оның сүйікті тақырыбы екенін, өйткені қасиетті кітап құранда бал мен араға арнайы сүре де барын атап өтті. Бұл бал тағамының үлкендер мен балаларға бірдей құнды екенін дәлелдейді. Жамбыл облысында бұл тәтті өнімнің түрлі сорттары шығарылады, олардың басымы бірегей емдік қасиеттерге ие. Жуалы ауданының альпілік шалғындарындағы таулы жерлерде, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Қордай аудандарының әртүрлі шөпті шалғындарында, Мойынқұм шөліндегі эспарцеттен («түйе тікенегі») жиналған балдардың сорттары осындай. Жамбыл облысының омарташылар Қауымдастығына 226 кәсіпкерлік субъектісі енген. Бал өнімдерінің көлемін арттыру, жаңа нарықтарға шығу қажеттілігі жамбылдық бал және ара шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің бірігуіне себеп.

Осындай мақсатпен, кезінде Қордай ауданында қордайлық үш ірі бал өндірушіні біріктірген "АраТау" ара кешені» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылған болатын.  Ара шаруашылығының субъектілері балдың нақты нарығына шығу, әсіресе шетелдік нарыққа қол жеткізу үшін балдың үлкен көлемі қажет екенін түсінеді. Алайда, көптеген омарташылар ұсақ тауарлыққа байланысты нарыққа балдың ірі партияларын әлі де ұсына алмай келеді.  Дегенмен де, жамбыл омарташылары егер бірнеше бал өндірушілердің тауарлық қорларын біріктіріп, мемлекет тарапынан лизингке жабдықтарды сатып алу кезінде қолдау болса, онда нарыққа бал арасының шығуы әбден мүмкін деген сенімде.

Бүгінде, Өңірлік кәсіпкерлер Палатасы омарташылар Қауымдастығы мүшелерімен бірнеше рет кездесіп, бал өндірушілерді сұрақтарын тыңдады. Сонымен қатар, алдағы жұмыс жоспарын айқындайтын облыстық форум өткізді.

Айта кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен Өңірлік Кеңес мүшелері, сонымен қатар бизнес өкілдерімен кездесу әр тоқсан сайын өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер