«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Индустриялық сертификатты беру жөніндегі жаңа ереже күшіне енді

2020 жылғы 24 Ақпан
14575 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Индустриялық сертификатты беру ережесіне енгізілген өзгерістер 2020 жылдың 20 ақпанынан күшіне енгенін хабарлайды

«Атамекен» Индустриялық сертификатты 2019 жылдың сәуір айынан бастап кәсіпорындарға беріп келеді. Бұл түбегейлі жаңа құрал екенін ескерсек, Палата 2019 жылдың 9 айы бойынша Индустриялық сертификатты беруді ғана емес, сондай-ақ қолдануына егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

Көрсетілген кезең ішінде процеске барлық қатысушылар тарапынан: кәсіпкерлер және салалық қауымдастықтардан бастап, мемлекеттік органдарға дейін кері байланыс жолға қойылды. Ұлттық палата тараптардың пікірін жинақтап,  Ережеге түзетулер пакетін дайындады, олар бизнес және мүдделі мемлекеттік органдармен өткен талқылауларға бірнеше рет салынды.

Жаңа Ереже индустриялық сертификатты алу процесін қолжетімдірек, транспарентті әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өзгерістер индустриялық сертификатты алуға өтінім берген кәсіпорындар тап болған мәселелерді шешуге жол ашады.

 Мәселен, Ереженің ескі редакциясында салалық сарапшылар санына талаптар регламенттелмеген болатын, оның салдары жекелеген өңірлерде сертификатты алу процесін тежейтін. Жаңа редакцияда бұл шектеу саланың жұмыс істеп жатқан кәсіпорындары орналасқан әр облыс, республикалық маңызы бар қала және елордада кемінде бір салалық сарапшының міндетті түрде болуы туралы тармақтың енгізілуі есебінен алынып тасталды.

 Сонымен қатар, өзгерістер салалық қауымдастықтар, сарапшылар және өтінім берушілердің өзара әрекеттесуін регламенттеуге мүмкіндік берді. Ережемен үшжақты үлгілік келісімшарттар бекітіледі, олар өнеркәсіптік сертификат беру қатысушылары арасындағы қатынастардың ашық процесін құруға және сарапшылар алған ақпаратты жарияламауға қатысты кәсіпорындарды қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді.

 Ережедегі маңызды өзгеріс Индустриялық сертификаттан ТЖҚ БНА кодтауын алып тастау болды. Айта кетелік, Индустриялық сертификат тауар тобын шығаруға қажетті жабдық, қуаттылықты растайтын құжат болып табылады (мәселен, жиһаз, кабельді өнім немесе т.б.)

Өз кезегінде ТЖҚ БНА – бұл тауар, жұмыс және қызмет жіктеуіші, онда әр код техникалық сипаттамаларды белгілейді (маркасы, материал, мөлшері және т.б.).

Бұдан бөлек, ТЖҚ БНА анықтамалығы мемлекеттік немесе халықаралық жіктеуіш емес (ТЖҚ БНА иесі «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС болып табылады), ал ТЖҚ БНА деректерін жүргізу және өзектендіру жүйесі жабық іске асырылады. 

Аталған факторлар, сондай-ақ ТЖҚ БНА-ға тұрақты енгізілген өзгерістер және жаңа кодтарды қосу отандық кәсіпкерлердің сатып алуларға қатысуын төмендеткен. Бұдан бөлек, Индустриялық сертификатқа үнемі өзгерістер енгізу талап етілген, мұның барлығы бизнеске қосымша қаржылық және уақытша шығын болған.

Қазіргі таңда ТЖҚ БНА кодтарын көрсету бойынша талап алынып тасталды және отандық тауар өндірушілердің сатып алуларға қолжетімдігін жалған шектеуді алып тастауға мүмкіндік береді.

 Белгілі болғандай, қаңтар айында Ұлттық палата алаңында Қазақстанның барлық өңірінен мүгедектер ұйымдарының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Еске салсақ,  индустриялық сертификат мүгедектердің өнім өндіретін ұйымдарына да беріледі. Бірлескен талқылау нәтижесінде Отандық тауар өндірушілер тізіміне енгізу туралы өтінімді қарау және өндіріс жай-күйін бағалауда мүгедектер ұйымдарына кезектен тыс қызмет көрсету мүмкіндігіне қол жеткізілді.

Салалық қауымдастықтардың ұсынысы бойынша Ережеге өндіріс жай-күйіне тиімді талдау жүргізу мақсатында салалық критерийлерді әзірлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда ІТ-саласы, жиһаз және жеңіл өнеркәсібінде салалық критерийлер әзірленіп, өкілетті мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілді.

 Басқа салаларға қатысты Ережеге нормалар енгізілді, онда өндірісті талдауда оларды әрі қарай қолдануға арналған салалық өлшемдерді әзірлеуге және бекітуге мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған. Аталған шара салалық талдауға бірыңғай ықпалды құруға және отандық өндірушілер тарапынан өндірістерге талдау жүргізуде талаптардың жоғарытылғанына шағымдарын алып тастауға мүмкіндік береді.

 Сонымен қатар енгізілген өзгерістерге сәйкес өтінім берушілерден тауар өндірісіне қатысы жоқ құжаттар мен ақпаратты беру туралы талап алынып тасталды. Мәселен, Сапа менеджменті жүйесі  сертификатын беру қажеттілігі, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу. Осымен қатар Ереженің жаңа редакциясында өтінім беруші сертификат алуда өткізуі керек құжаттар топтамасына нақты талаптар көрсетілген.

 Күшіне енген Ережеде СТ-KZ берумен ұқсастығы бойынша өнеркәсіптік сертификатты беру процесін бақылау және камералдық бақылауға мүмкіндік беретін нормалар бар, бұл шара берілген сертификаттар бойынша бұзушылықтарды уақытында анықтауға жол ашады.

Жаңа Ережеге сәйкес «Атамекен» сертификаттаудың электронды жүйесін құру өкілеттілігімен міндеттеледі. Қазіргі таңда Ұлттық палата механизмге барлық қатысушыларды қосу арқылы инустриялық сертификатты беру бойынша бүкіл бизнес-процесті автоматтау жұмысын жүргізуде. Цифрландыру арқылы жүйелік тәсіл құрылады, бүкіл процестің ашықтығы және өнеркәсіптік сертификатты беру жеделдетіледі.

Жалпы алғанда, қабылданған өзгерістер отандық тауар өндірушілер арасында тең шарттар және адал бәсекелестікті құруға бағытталған. Бұдан бөлек, жаңа Ереже Индустриялық сертификатты беруде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдану мүмкіндігін алып тастауға мүмкіндік берді.

 Индустриялық сертификат алуда қосымша сұрақтар болса Тауарлар шығу тегін сертификаттау департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел: 8/7172/ 919-359.                       

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер