«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рустам Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды

2020 жылғы 24 Ақпан
10167 просмотров

Рустам Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды», – деп жазылған Ақорда сайтында. Осыған дейін Рустам Жүрсінов «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметінде болған.

 1976 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

• 1998 жылы ҚазМЗУ, 2000 ж. – ҚазМБА үздік аяқтаған. 2013 – Мәскеулік «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебінің Executive MBA тамамдаған.

• 1997-1999 жж. – «GRATA»заң фирмасының заңгері қызметін атқарған.

• 1999-2002  жж. – ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары.

• 2002-2003 жж.- «GRATA» заң фирмасының серіктесі.

• 2003 ж. – «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК» ЖАҚ  Жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары.

• 2003-2007 жж. – «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ Құқықтық консалтинг жөніндегі атқарушы директоры.

• 2009-2011жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.

• 2011- 2012 жж. – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  Басқарушы директор-Заң департаментінің директоры.

• 2012 ж. – «Petroleum Holding» ЖШС бас директоры.

• 2012-2015 жж. – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

• 2015 жылдан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер