«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа мемлекеттік бағдарламаларда бизнеске қандай қолдау бар?

2020 жылғы 24 Ақпан
3359 просмотров

20 ақпанда Райымбек Баталовтың төрағалығымен ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің отырысы өтті

Онда «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында модульді оқыту бағдарламларын өзектендіру мәселелері, ҚР Сауданы дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы  талқыланды. ШОБ комитеті мұшесі, ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығының 2019 жылда атқарылған жұмысы және 2020 жылға жұмыс жоспарына қатысты баяндамалары тыңдалды.

ШОБ комитеті отырысына бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, ШОБ комитетінің 11 өңір және 2 қаладан келген дауыс беру құқығы бар мүшелері, «Атамекен» ҚР ҰКП департаменттерінің өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша комитеттің 2019 жылы атқарған жұмыс есебі тыңдалды, ары қарай үкіметтік хаттамалық тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланып, бизнес өкілдерінің талқылауына ұсынылған «Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы» қаралды.

  Баталов Р., Шағын және бизнесті дамыту комитетінің төрағасы

 Үкіметтік тапсырмалар аясында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады: цифрландыру және бизнесті автоматтандыру құралдарын қолдануға бағытталған шағын және микро кәсіпорындар үшін оқытуды енгізу, кәсіпкердің салықтық және қаржылық сауаттылығын жоғарылату, сонымен қатар бизнес түрлері бойынша мамандандырылған білім деңгейін арттыру.

Талқылауға ұсынылған ҚР Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы» бойынша Сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің сарапшысы Момынбеков А. Аталған құжат бойынша бизнестің қатысуымен 9 жұмыс кездесу өткенін, соның нәтижесінде Сауда министрлігіне бірнеше хат жолданғанын хабарлады. Қазіргі таңда ұсыныстар мен ескертпелердің басым бөлігі қолдау тапқан.

 
Момынбеков А., Сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің 1-санаттағы сарапшысы  

25 ақпанда Үкіметтің кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы» таныстырылады.


 Министрлік нені ескерді?

  • экспорт бойынша ұсыныстар;
  • отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілету бойынша, атап айтқанда маркетинг және жарнама шығындарын өтеу;
  • сонымен қатар сауда саласын екінші деңгейлі банктер тарапынан қолдау қажеттілігі дайында ескертпелер жасалды.

Электронды сауда, туризм, тұтынушылар құқығын қорғау және базарларды жаңғырту бойынша көптеген ескертпе қабылданды. Бірлескен талқылау барысында қауымдастық мүшелері ішкі сауданы дамыту жөнінде қосымша ұсыныстар айтты, бұл ұсыныстар Сауда бағдарламасын жазу кезеінде әзірлеуші-органмен қаралатын болады.

 Тұжырымдама бүкіл нарық үшін өзекті мәселе – сауданы қалай көлеңкеден шығаруды шешуді қамтиды.

Өңірлік палаталардың өкілдері пікірталас тақырыптары мен талқылау мәселелерін белгіледі.

«Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары бұл соңғы талқылау емес екенін, тұжырымдамада енгізілмеген ұсыныстарды әзірлеу-органға қайталап жіберуге болатынына назар аударды.

 Комитет отырысын соңына қарай ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығының Президенті Калинин А.И үндеу айтып, отырыс қатысушыларына Ұлы Отан соғысында Жеңіске 75-жыл қарсаңында ардагерлерге көңіл бөлуге, олардың қабірлерін ретке келтіріп, қажет болса құлыптас, ескерткіштер орнатуға шақырды. Бұл ардагерлер мен өткен күннің батырларына деген құрметтің белгісі, оны білдіру арқылы біз өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз.

Спикер Ұлы Отан соғысының батырларына арналған кәсіби шеберлік, спортық және мәдени іс-шаралар байқауларын өткізуді ұсынды. Комитетің қатысушылары бұл бастаманы бір ауыздан қолдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер