«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Коронавирус салдарынан болған форс-мажор

2020 жылғы 20 Ақпан
3654 просмотров

«Атамекен» колл-орталығына кәсіпкерлерден келіп жатқан өтінімдердің басым бөлігі Қытай шекарасында жүктің тұрып қалуына байланысты

Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы коронавирустың өршуіне байланысты туындаған мәселелер бойынша импорттаушылар мен экспорттаушыларға көмек беруде жедел желіні іске қосты.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы жеткізу бойынша міндеттмелелерді, форс-мажорлық жағдайға байланысты дәлдемелік қызметті орындай алмай отырған кәсіпкерлерге қолдау көрсете алатынын хабарлайды.

 Импорт-экспорт

Колл-орталыққа өтімін бергендердің 55%-ы жабдықты;

14%-ы  – халық тұтынатын тауарларды;   

14%-ы – қосалқы бөлшектерді;

9%-ы – медициналық бұйымдар, соның ішінде медициналық қорғаныш маскаларын;

2%-ы азық-түлік өнімдері мен қаптаманы күтуде.

Кәсіпкерлерден келіп түскен өтінімдер негізінен ҚХР аумағында жүктердің тұрып қалуына байланысты.  Қытайдың логистикалық компаниялары қазақстандық кәсіпкерлер алдын ала төлеп қойған тауарларды коронавирустың салдарынан жібере алмай отыр. «Атамекен» колл-орталығын аөтінім жасаған кәчіпкерлердің айтуынша, Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті елімізге тауар әкелу жабылмағанын, көліктегі және қоймалардағы жүк Қытай шекарасын өте алмай жатқанын хабарлаған.

Алайда басқа да ситуациялар бар. Мәселен, тауармен жүкті сатып алушыларға жеткізу мүмкін болмай отыр, өйткені тауар дайын емес – қытай зауыттарының дені әлі жұмысқа кіріскен жоқ.

Импорт-экспорт

Өтінім бергендердің 98%-ы кәсіпорындар қызметкерлері немесе жеке кәсіпкерлер, 2%-ы – қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Импорт

Жедел желі бойынша консультация алған кәсіпкерлердің 98%-ы – импорттаушылар, 2%-ы – экспорттаушылар.

 Өтінім бергендердің 2%-ы Қытай провинцияларында банк операцияларының тоқтауына байланысты жүк қазақстандық аумақта қалғанын хабарлады.

Өтінім берген импорттаушылардың 13%-ы – қытай зауыттарның жұмысқа кіріспеуі салдарынан шығынға ұшыраған.

Экспорт

Өтінім берген экспорттаушылардың 50%-ы қорғаныс маскаларын қоса алғанда, тауарларды әкетуге тыйым салу немесе шектеу туралы ресми құжаттардың жоқтығына шағымданады.

Экспорттаушылардың екінші бөлігі – экспортталатын өнімдерді сақтау бойынша шығындарға тап болған.

 Жедел желі кәсіпкерлердің өтінімдеріне жауап беру және өтінімдердің есебін жүргізу, сондай-ақ кәсіпкерлерге мүмкіндігінше көмек көрсету бойынша жұмыс істейді.  

 Кәсіпкерлер 1432 нөміріне («Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының call-орталығы), немесе 8 707 909 0152 (WhatsApp) нөміріне хабарласып, сондай-ақ onlinevpk@atameken.kz  электронды мекенжайға хат жолдай алады. Өтінім қалдыру уақыты – жұмыс күндері сағат  9:00-ден 19:00-ге дейін.

Келіп түскен өтінімдермен нәтижелі жұмыс істеу мақсатында Сыртқы сауда палатасының өкілдері өтінімде: кәсіпкер аты-жөні, компания атауы, өтінім беру себебі, байланыс мәліметтерді нақты көрсетуді сұрайды.

 Анықтама үшін: (Халықаралық Сауда Палатасының ұсыныстары «Форс-мажорлық жағдайлар» (№412 жарияланым (Е)

 Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы жүгі шекарада тұрып қалған кәсіпкерлерге қалай көмектесе алады

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қызметіне Қазақстан Республикасының сыртқы сауда операциялары мен халықаралық шарттарына сәйкес форс-мажорлық жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында расталған сауда және порттық салттарды айғақтау жатады. Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы форс-мажорлық жағдайларды айғақтау бойынша қызмет көрсете алады.

 ҚХР-да импорт-экспорттық операциялар бойынша форс-мажорлық жағдайлардың болуы/болмауына не жатады?

 1-тармақ. Тарап егер келесі жағдайларды дәлелдей алса өзінің қандай да бір міндеттемесін орындамағаны үшін жауапты болып табылмайды:

  • Осындай орындамау оның бақылауынан тыс  кедергінің нәтижесінен орын алғанын;  
  • Келісімшарт жасау кезінде аталған кедергіні назарға алу немесе оның келісімшарттың орындалуында салдарын саналы түрде болжау мүмкін болмағанын;
  • Тарап осындай кедергіні немесе ең кемі оның салдарын болдыртпауға мүмкіндігі болмағанын.

1-тармақта көрсетілген кедергі төменде көрсетілген жағдайлар себебінен орын алуы мүмкін, бұл тізім толық емес:

(а) жарияланған немесе жарияланбаған соғыс, азаматтық соғыс, тәртіпсіздік және көтерілістер, наразылық актілері, іріткі;

(ә) табиғи апаттар, боран, циклондар, жер сілкінісі, цунами, топан су, найзағай салдарынан күйренділер;

 (б) жарылыстар, өрт, машиналар, зауыттар және басқа да қондырғылардың қирауы;

(в) түрлі формадағы байкот, көтерілістер және локауттар, кәсіпорындар немесе олардың орынжайларының бос болмауынан жұмыстың тежелуі,   жауапкершіліктен босатуды сұраған тараптың кәсіпорнында орын алған жұмыстың тоқтауы;

(г) биліктің заңсыз немесе заңды іс-әрекеті, бұған келісімшарттың талаптары бойынша өзіне қатысты тарап тәуекелді қабылдаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ төмендегі 3-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда.

3-тармақ 1-тармақта көрсетілген ережелерді қолдану мақсатында және келісімшартта басқасы көрсетілмегендіктен кедергі рұқсаттың, лицензияның немесе кіру визасының, тұруға рұқсаттың немесе келісімшартты орындау үшін қажетті мақұлдаудың болмауын қоспайды, олар жауапкершіліктен босатуды қалайтын тарап-мемлекеттің мемлекеттік органдары беруі тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер