«Лицензияланған қару-жарақ сататын дүкендер азайды, енді қару чемодандарда тасымалданады» – Сергей Катнов
19 ақпанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында азаматтық және қызметтік қару айналымы бағытында жұмыс істейтін сала мәселелеріне қатысты кеңейтілген жиын өтті
Бұл саланы «Қорамсақ» Қазақстан қару қауымдастығы таныстырып келді. Мемлекеттік органдар тарапынан ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Мемлекеттік қорғау қызметі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері қатысты.
Жиынды «Қорамсақ» Қазақстан қару қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов ашып, Ақтөбеде болған терактардан кейін нормативтік актілерге қабылданған өзгерістер қару-жарақ бизнесіне ауыртпалық салғанын айтты. Сала ширекке қысқарды, көптеген компания жабылу алдында тұр. Сондықтан қабылданған шаралар қаншалықты тиімді әрі өзекті екенін анықтаудың кезі келді.
Қатысушылар заңнаманың қайта қарауды талап ететін тұстарын талқылады.
Бір шара бойынша бір азамат қолданатын аңшылық қарулар санын еке есе қысқарту болды. Төрт жыл бұрын бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті көтеріп, ҚР ІІМ және Мемлекеттік қорғау қызметі тарапынан қолдау тапқан. «Қорамсақ» Қазақстан қару қауымдастығының вице-президенті аталған шара қарумен жасалатын қылмыстардың төмендеуіне де, санына да әсер етпегенін айтты.
ІІМ ӘПК Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Марат Отыншин заңды, ресми тіркелген аңшылық қаруды қолдану арқылы қылмыс жасау бойынша деректер жоғын растады.
ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің бас сарапшысы Ринат Есмағұлов Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында аңшылық туризмді дамыту сынды тұсы барын атап өтті. Демек, осы салада қызмет ассортиментін кеңейту, туристерге жақсы сервис ұсынуға мүмкіндікке ие болу қажет етіледі. Сондықтан бір аңшыда «5 иір ойықты оқпан, 5 жұмыр оқпан» нормасына қайтару – өзекті болмақ.
Сергей Катнов қатысушылардың назарын елімізге заңсыз немесе жартылай заңсыз әкелінетін қару мәселесіне аударды.
«Әсіресе бұл пневматикалық және газды қаруға қатысты. Елімізде осындай қаруды сатып алуда шектеу енгізілген соң, оның басқа елдерден келуі өзекті мәселе болды, мәселен, Ресейде мұндай қаруды еш анықтамасыз еркін сатып алуға болады. Пневматикалық және газды қаруды интернеттен сату белен алған. Қарудың бұл түрі лицензиясы бар Қазақстан дүкендерінде еркін сатылатын, сондықтан қандай да бақылау болған».
Тұтастай алғанда, «Қорамсақ» өкілінің нормативті актілерді қайта қарау қажеттігі туралы ойы ешкімнің наразылығын тудырған жоқ. Бұл бастауыш әскери дайындық өткізу үшін білім беру мекемелеріне оқу қаруын жеткізу және қаруға криминалдық талаптар, қорғау іс-шаралары науқанында дүкендерді жабуға қатысты қатаң талап.
Жиынды қорытындылай келе, Сергей Катнов қатысушыларға жиындағы белсенді пікірталас, диалог үшін алғыс білдіріп, отандық қару ұйымдарының өкілетті орган – Ішкі істер министрлігімен қарым-қатынасы көптеген салаға бизнес және «естуші» билік арасындағы диалогтың үлгісі екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: