«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бизнес-жаттықтырушыларды іріктеу басталғанын хабарлайды

2020 жылғы 19 Ақпан
7763 просмотров

Бизнес-жаттықтырушыларды іріктеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

1.      Жасы 25-тен жоғары болуы;

2.      Экономикалық/ қаржылық/ заңгерлік мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;

3.      Кемінде 3 жыл тренингтерді өткізу тәжірибесінің және бизнес-жаттықтырушылар үшін (курстардан, шеберлік сабақтарынан) тренингтерден сәтті өткендігін растайтын сертификаттарының болуы;

4.      Бизнес-жоспарлау, қаржылық модельдеу, маркетинг, салық салу негіздері мен стартап жобаларды сүйемелдеу білімінің болуы;

5.      Мемлекеттік және орыс тілдерінің меңгеруі;

6.      Дербес компьютер, MS Office, Excell, Google disk және Google кестелермен жұмысты еркін меңгеруі;

7.      Әлеуметтік желілерде аккаунтының болуы.

Түйіндемелерді opibcv@gmail.com эл.адресіне жіберіңіздер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер