Отандық кәсіпкерлер бизнес-миссия шеңберінде Курган облысына барады
Іс-шара Курган облысының экспортын қолдау орталығы және «Курган қаласы сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы бірлесуімен ұйымдастырылды
Бизнес-миссияға ірі қазақстандық сауда компаниялары мен дистрибьютерлер, сондай-ақ Курган облысының минералды су, кондитер өнімдері, жартылай дайын өнімдер, шұжық өнімдері, консервілер, мұздатылған жартылай дайын өнімдерді өндіру саласындағы ірі тауар өндірушілері қатысады. Бизнес-миссияның алғашқы күнінде қатысушылар «Курган облысының инвестцияилық агенттігі» қоры алаңында жұмыс істейді, онда өңірдің экспорттық әлеуетімен танысады.
Бағдарлама мазмұны:
- Курган облысы кәсіпорындарының өкілдерімен В2В форматында іскерлік байланыс биржасы;
- бизнес-миссияға әр қатысушының саласына қарай Курган қаласы өндірістері мен кәсіпорындарына экскурсия;
- Курган облысының басшылығы және мемлекеттік билік өкілдерімен іскерлік кездесу.
Іс-шара ресейлік кәсіпорындар мен қазақстандық әріптестер арасынды сауда ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: