«Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға өтінім қабылдау басталды
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 жарлығына сәйкес, 2020 жылғы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі, жоғары әдістерін енгізгені үшін байқаулық негізде ұсынылады.
Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды.
Сыйлық үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) және келесі номинациялар бойынша беріледі:
1) «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;
2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;
3) «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;
4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».
Байқауға қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын көрсетуі тиіс.
Байқау төрт кезеңде өткізіледі және келесі маңызы санаттардан тұрады.
Өтінімдерді 2020 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында немесе ӨКП тапсыру қажет. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау жабылады!
Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» сәйкес орналасқан жері бойынша ӨКП-ге 1 шілдеге дейінгі мерзімде ресімдеп, тапсыруы тиіс.
2. ҰКП сараптамалық тобының алдын ала бағалау жүргізуі және 40 финалисті анықтауы (тамыз-қазан).
3. Сараптамалық топ кәсіпорындарға барып, байқаудың финалистеріне бағалайды.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның отырысы (желтоқсан).
Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
2. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы – отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Байқау мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
3) «Үздік азық-түлік тауарлары».
Әр номинацияда үш жеңімпаз айқындалады.
«Қазақстанның үздік тауары» көме-байқауы бір жыл бойы өткізіліп, төрт кезеңде жүзеге асырылады.
1. Өтінімді «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының өткізілуіне кемінде 10 күн қалған мерзімде www.altynsapa.kz сайтында немесе өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсыну қажет.
Өңірлік көрмелердің өткізілу кестесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерімен келісім бойынша жасалады және ағымдағы жылдың 15 сәуірден бастап www.altynsapa.kz сайтында жарияланады.
Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарын Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі» сәйкес толтырып, орналасқан облысындағы өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсынады (www.altynsapa.kz сайтында жарияланған).
Өңірлік көрмеге қатысу байқауға одан әрі қатысудың міндетті шарты болып табылады. Өңірлік байқаулардың 9 жеңімпазы ғана «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
2. Нұр-Сұлтан қаласында республикалық көрме-байқаудың өткізілуі (қазан). Көрме нәтижесі бойынша ҰКП сараптамалық тобы үш номинация бойынша 27 финалисті анықтайды.
3. Үшінші кезеңде 27 финалист онлайн-дауыс беруге қатысады.
4. Ұсынылған материалдардың негізінде Комиссия.
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның байқаудың 9 қатысушысына «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломаты атағын беру туралы шешім қабылдау отырысы (желтоқсан).
Байқау дипломанттарына диплом мен байқау эмблемасы тапсырылады. Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.
Байқаулардың әлеуетті қатысушыларына кеңес беру үшін жыл сайын сәуір-маусым айларында ӨКП базасында байқауларды өткізу тәртібі және байқау материалдарын ресімдеу ережелері бойынша тегін оқыту семинарлары өтеді. Оқыту семинарларының өткізілу күндері ағымдағы жылдың наурыз айында www.altynsapa.kz жарияланады.
Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы байқауларға қатысып, бақтарыңызды сынауға шақырамыз. Толық ақпарат алу үшін әлеуметтік желілердегі Алтын сапа ресми парақшаларына және сайт (www.altynsapa.kz) жаңалықтарына жазылыңыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) 919-388.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: