«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі кеңестің алғашқы жиыны өтті

2020 жылғы 10 Ақпан
5749 просмотров

Осы жылдың 10 ақпанында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған жиынға өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласында 100-ден астам жетекші кәсіпорын қатысты

 «Кеңестің негізгі міндеті Үкіметке импортты алмастыру бойынша тиімді ұсыныстар легін дайындау мақсатында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы үздік кәсіпорындардың тәжірибесін шоғырландыру», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

 Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде «Alageum Electric» компаниялар тобының бақылау кеңесінің төрағасы Сайдулла Қожабаев таныстырылды.

 Өз кезегінде Абылай Мырзахметов Кеңес қатысушыларына импортты алмастыруды дамыту бойынша жұмыс барысын қарастыруға ұсынды.

 «Кез келген жоба сұраныс және әлеуетті өткізуді бағалауға негізделуі қажеттігі бизнесмендерге түсінікті. Экономикадағаы жыл сайынғы ішкі жиынтық сұраныс 50 трлн-ға жуық теңгені құрайды, соның ішінде тауарлар нарығының сыйымдылығы 14 трлн теңгені құрайды. Осы сұраныстың төрттен бір бөлігі немесе 3,5 трлн теңге реттелетін сатып алалурда қалыптасады. Осы ресурстарды іскерлік белсенділікті және отандық өндірісті дамытуды ынтланадыруға барынша бағдарлау қажет», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 ҰКП Төрағасының айтуынша, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі жобалық алқа мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларда 14 млн бірегей тауар позициясын талдады. Сараптамалық бағалау және шикізаттың болуы, технологиялық қолжетімділік және сұраныстың болуы сынды критерийлерді есепке ала отырып, тауарлық топтарды алдын ала іріктеу нәтижесі бойынша өңдеу өнеркәсібінде 362 тауардан құрылған тізбе дайындалды, олардың сомалық импорт көлемі 4 трлн теңгені құрайды. Осы тауарларға импортты алмастыруда назар аудару ұсынылып отыр.

 «Әлеуетті жобаларға арналған бизнес бастамаларды іздеу және жинау бойынша жұмыс басталып кетті. Бүгінде 500 млрд теңге сомасында 90 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша бизнестен ұсыныстар түсті. Осындай белсенділік қуантады, бірақ сонда да жобаларды әзірлеу сапасын арттыру қажет. Жалпы алғанда біз жобаларды жинауды осы 362 тауармен шектемейміз. Осы ретте бастамасы бар кәсіпкерлер сұраныстың және тарату арналардың бары жайында нақты түсінікке ие болуы керек, жобаны қаржыландыруға бірлесіп қатысып, және ең бастысы мемлекеттік қолдау шаралары үшін кері міндеттемелер қабылдауға дайын болуы шарт. Өнімнің сапасын кезең-кезеңмен жоғарылатуға басты назар аударылады», – деді Абылай Мырзахметов.

 Ұлттық палата басшысының ақпараты бойынша осындай кері міндеттемелердің мониторингі «Өнеркәсіп» ақпаратты жүйесінде жүзеге асырылады, оған кәсіпорындар қазірдің өзінде тіркеле алады (https://isp.atameken.kz/).

 Ары қарайғы талқылау барысында отырысқа қатысушылар жұмыстың ұсынылған ретіне қолдау білдірді. Атап айтқанда, Кеңес төрағасы Сайдулла Қожабаев отандық өндірушілерді Жобалық алқа және мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларын талдауды ескере отырып, жаңа өндірістер құру мүмкіндіктерін барынша егжей-тегжейлі зерделеуге шақырды.

 Өз кезегінде Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында өзара кооперацияны жоғарылату және Орта Азия елдеріне экспортқа бағдарлану қажеттілігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер