«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңаөзендік кәсіпкерлер есептік кездесуде белсенді

2020 жылғы 05 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4012 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың Жаңаөзен қаласында бизнес өкілдері алдындағы есебі белсенді өтті

 Кәсіпкерлерді негізінен ауылшаруашылығына субсидия бөлу, бизнеске шектеуді болдырмау, қала ішілік маршруттар мәселесін шешу, бизнесті салықтан босату жағдайы алаңдататын болып шықты. Кәсіпкерлер палатасының араласуымен бірқатар мәселелерді бірлесіп шешу көзделіп отыр.         154 мыңдай халқы бар Жаңаөзенде 2019 жылдың есебі бойынша 8 мың орта және шағын бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Олардың өнімі 26 млрд тг құрап отыр. Мұнайлы шаһардың облыстағы үлесі өндіріс бойынша 6.6%, инвестиция жағынан 14%.

Шаһарда өткен жылдың өзінде 180 кәсіпкерлік нысаны ашылған. Оның 59-ы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, «Атамекен» микроқаржы ұйымынан несие алу арқылы 36,  «Нұр капитал»-68, «Еңбек» бағдарламасы арқылы 17 жоба жүзеге асты. Жаңаөзендік іскерлердің 42 жер учаскесіне байланысты түйіткілді мәселесінің 30-ы кәсіпкерлер палатасының араласуымен оң шешімін тапты. Ал, бизнес білімді 680 жұмыссыз қала тұрғыны алды. Соның 140-ы жеке кәсібін ашты. Жобалардың құны- 88 млн тг асады.

 Есептік кездесуде кәсіпкерлерге айтылған мәлімет бойынша, өткен жылы іскерлер арасында өңірлік скринингтің өтті. Жаңаөзен қаласында 8 мыңнан астам кәсіпкерден және 37 мың үй шаруасында жүріп кәсіппен шұғылданатын жандардан сұхбат алынды. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер мен үй шаруасындағы азаматтардың әлеуметтік және өндірістік инфроқұрылымға қажеттілікті анықтау, бос жұмыс орындарға мұқтаждықты білу мақсатында жүргізілді. Жаңаөзенде «Бизнестің жол картасы» бойынша 31 кәсіпке субсидия берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағытында облыста 71 жоба қарастырылып, 38-і қолдау тапты.  Солардың ішінде біреуі 40 млн тг Жаңаөзен қаласының жобасы болып саналады.

Кәсіпкерлермен кездесу жылына екі рет ұйымдастырылу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер