«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» жобасына 3 мыңнан астам павлодарлық қатысты

2020 жылғы 05 Ақпан
- Павлодар облысы
10197 просмотров

Соның ішінде 800 тыңдаушы «Жас кәсіпкер» шеңберінде оқып шықты. 2512 бастауыш кәсіпкер өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға грант алды. Кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қандай мемлекеттік қолдауды ала алытын туралы «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында айтты

 «Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдауды келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: «Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау», «Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету», «Бизнес мектеп», «Іскерлік байланыс» және «Аға сеньорлар». Сервистік қолдау сегіз қызмет түрі бойынша тегін көрсетіледі. Бұл бухгалтерлік есеп және салықтық есептілік, кедендік рәсімдер, заңгерлік қызмет, мемлекеттік сатып алуларға байланысты қызметтер және т.б», – деді Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Зарина Шаймерденова.

Барлық қызметтерді «Atameken services» сайты арқылы онлайн алуға болады, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында менеджер-кеңесшілердің көмегімен алуға болады. Осылайша 2019 жылы сервистік қолдауды 1571 кәсіпкер пайдаланды, оларға 2061 қызмет көрсетілді.

Зарина Шаймерденованың айтуынша, бухгалтерлік және салықтық есептілік, сонымен қатар статистикалық есеп жүргізу, заңгерлік қызмет, маркетинг жүргізу қызметі сұранысқа ие. 216 бизнес-жоспар құрылды соның ішінде 93 жоба қаржыландырылды.

 Сонымен қатар, әр аудан мен моноқалада Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетілді. Консультациялық менеджерлер және  Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының  кеңесшілері 600 миллион теңгеден астам сомаға 60 жобаға сүйемелдеу көрсетті.  Басқарушы кеңесшілердің көмегімен 251 кәсіпкерлік субъектісі ашылды

«Бизнес мектепке» кәсіпті енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатыса алады. 2019 жылы Павлодардың «Бизнес мектебі» 1000-нан астам тыңдаушыны шығарды.  Өткен жылы «Іскерлік байланыс» жобасымен Германияға тағылымдамаға 3 павлодарлық кәсіпкер барды. «Аға сеньорлар» құрауышы бойынша 3 миссия ұйымдастырылды. Шетелдік сарапышлар «Ақсу жылыжай комбинаты» ЖШС, «Жаңа Қала» ШҚ» ЖШС «Үштерек» ЖШС өндірісіне келді. 
«Бастау» жобасы бойынша 3 мыңнан астам тыңдаушы оқып шықты.

  «Бастау» жобасының мақсаты жұмыссыздар және кәсіпкерлік бастамасы бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды оқуға тарту ары қарай перспективалы жобаларды қаржыландыру. Соның ішінде Жастар жылына орай «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды, онда 800 адам оқып шықты. 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасымен 2512 қатысушы грант алды. Сонымен қатар жеңілдікпен несиені 300 түлек алды. Бизнес-идеяларды іске асыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша сіздерді Павлодар қаласындағы облыстық Кәсіпкерлер палатасына және моноқалалар мен облыстың орталықтарындағы филиалдарымызға шақырамыз», – деп қорытындылады маман Әсия Закарьянова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер