«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Атамекен» шетелдік компанияларда мамандарды ұлттандыру үдерісін қолдайды

2020 жылғы 03 Ақпан
9642 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы Қазақстанда аккредиттеуден өткен дипломатиялық миссиялардың жетекшілерімен кездесті

Кездесу жыл сайн өтеді, іс-шараға деген қызығушылық жоғары. Биыл ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жетекшілері қатысты.

Іс-шара барысында «Атамекен» басшысы Үкімет, депутаттық корпус және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бизнестің жүйелі мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс, заңнаманы либерализациялау және ізгілендіру, бақылау-қадағалау функциялар, рұқсаттарды (лицензияларды) қысқарту мәселелерін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Агенттіктің қызметі жайында баяндады: Үш бағыт бойынша жұмыс істейміз: сыбайс жемқорлыққа қарсы ағарту, превенция және қылмыстық-құқтық шаралар. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жетекішлеріне жеке жауапкершілік орнататын заңға қол қойылды. Нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу институты қалпына келтірілді. 400-ден астам бизнес-жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу көрсетілуде, олардың үштен бірі шетелдіктердің қатысуымен жүргізіледі.

 Тимур Құлыбаев сыбайлас жемқорлықты жою және халықаралық принциптер және стандарттардың негізінде Қазақстанда құқықтық кеңістікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

 «ЭЫДҰ, Шығыс Еуропаның озық елдері, посткеңестіктен шыққан – Балтық бойы мемлекеттері және Грузияның тәжірибесін пайдаланбақпыз. Сондықтан Қазақстанда қолданып, енгізу үшін оң тәжірибені зеррттеуде көмек көрсетуді сұраймын», – деп атап өтті «Атамекен» басшысы.

 Аталған ұсыныс қолдау тапты. Литва және Грузияның дипломатиялық миссияларының басшылары  Юрий Погребнякс, Зураб Абашидзе бұл істе «...мемлекет пен үкіметтің еркі қажет, осының бәрі Қазақстанда бар» деп атап өтіп, қолдау көрсетуге әзірліктерін көрсетті. Өз әріптестеріне Еуроодақ өкілі де қолдау білдірді.

 «Салық салу, сыбайлас жемқорлықты жою, заң үстемдігіне қатысты айтылған ұсыныстар өзекті тақырыптар, олар бойынша қарқынды жұмыс істелуде. Еуроодақтың осы мәселеде өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін растағым келеді, оның үстіне ағымдағы жылдың наурыз айында Еуроодақтың Қазақстан Республикасымен әріптестігі және ынтымақтастығын кеңейту туралы келісім күшіне енеді», – деді Еуроодақ Елшісі Свен-Олов Карлссон.

 Дипломатиялық миссиялардың өкілдері Қазақстанда енгізілген салықтық және кедендік дауларды сотқа дейін реттеу тәжірибесін, оның кәсіпкерлер үшін уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектесетінін атап өтті. Нақты оң мысалдар бар: қазақстандық және шетелдік компаниялар және кәсіпкерлердің ондаған мәселесі шешілді. Атап айтқанда, ҚР-да Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиның айтуынша, жапондық компаниялардың пікірінше, Қазақстандағы бизнеске қысым деңгейі айтарлықтай төмендеп келеді. Осы ретте елші жапондық кәсіпкерлердің шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын 40%-ға қысқартуға қатысты алаңдаушылығын білдірді.

 Тимур Құлыбаев осы сұраққа жауап беріп, «Теңізшевроил» комапаниясын мысалға келтірді, бұл компанияда «Мамандарды ұлттандыру бағдарламасы» сәтті іске асырылып жатыр.

 «Компаниялар бірінші кезекте қазақстандық персоналды жұмысқа алу керек. Егер еңбек нарығында қажетті біліктіліктің жергілікті мамандары болмаса, компаниялар өз қызметкерлерін оқыту және қайта даярлау жұмыстарын жүргізіп, келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес осы мәселеге жүйелі түрде кірісуі керек. Мысалы, «Теңізшевроилда» барлық деңгейде қазақстандық персоналдың дамуы айқын. Мамандарымыз компанияда жұмыс істеу жылдары ішінде кәсіби түрде «өсті», шетелде компанияның түрлі кен орындарында тағылымдамадан өткен. Қазір олар шетелдік жұмысшыларды алмастырып, менеджер, жетекшілер және жетекші инженерлік-техникалық қызметтерді жүргізіп отыр. Бүгіннің өзінде ТШО-ның бірінші тоғыз жетекшінің алтауы – Қазақстан азаматтары. Бұл таралуы тисі оң тәжірибе деп санаймын. Бірнеше жылдан соң компанияны біздің маманымыз басқарады деген ойдамын. Мамандарды ұлттандыру – мемлекеттік саясат, «Атамекен» қолға алған бағытты толығымен қолдайды, бірлесіп жұмыс істейміз», – деді Тимур Құлыбаев.

 Кездесу барысында салық заңнамасын реформалау, салықтық апелляциялық комиссияларын құру процесі де талқыланды. Бизнес және шетелдік инвесторлар қосылған құн салығын қайтару мәселесі алаңдатады.

 Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғалиев: «ҚҚС құнын бюджеттен қайтару сомасы тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы есептеледі. Егер ҚҚС жеткізушілер тізбегінің қандай да бір кезеңінде төленбеген болса, соманы қайтармаймыз. Мониторингте тұрған ірі салық төлеушілер үшін жеңілдетілген тәртіп қарастырылған, мұндай жағдайда тексерусіз қайтаруға соманың 70%-на дейін қайтарамыз. Ірі кәсіпорындарға жатпайтын өндіруші-экспорттаушыларды қолдау үшін Президенттің тапсырмасы бойынша ҚҚС сомасына қайтару нормасы  тексерусіз 50%, тексеруден кейін тағы 50%-ды құрайды. Бұл норма мақұлдау үстінде», – деді.

 Жиын соңында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Қазақстан және кездесуге қатысушы елдердің көп жылғы ынтымақтастығы Бұл әлі де халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі екенін және мұндай байланыс өзара тиімді экономикалық серіктестік мәселелері бойынша сындарлы диалогты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер