«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау-2020»: жобаға кім қатыса алады?

2020 жылғы 30 Қаңтар
82687 просмотров

Қазақстанда кәсіпкерлік кеңінен таралуы керек

Осы үдеріске «Бастау» жобасын жүзеге асыру жақсы негіз. Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жүзеге асырылуда. Жоба шымамен 30 мың адамға кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берді.

Жобаның мультипликативті тиімділігі және бағдарламаның биылғы жылдағы жүзеге асыру қағидалары жайында ҰКП Жаппай кәсіпкерлік және микронесиелеу департаментінің директоры Нұрлан Каиршин өз сұхбатында айтты.

– Нұрлан Серікұлы, «Бастау» жобасын жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамытуда қаншалықты сәтті жоба деп айтуға болады?

– «Бастау» жобасы жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамытуда тиімді құрал болып табылады. 2017-2019 жылдар аралығында 44 945 жұмыс орны құрылды және 29 965 шағын бизнес субъектісі ашылды. Айта кетейін, бұл бастамасы ғана, түпкі әрі сапалы нәтиже туралы айту әлі ерте, өйткені мақсатты аудиториямыздың контингентін  есепке алу қажет.

 «Бастау» жобасына болған әлеуметтік және экономикалық тиімділік туралы айтқан кезде біз неден бастағанымыз жайында ұмытпауды сұраймын. Тыңдаушымыздың орта статистикалық портреті – ол жұмыссыз, бизнес жүргізуде ешқандай тәжірибесі жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам.

 Бағдарламамыздың шеңберінде мақсатымыз мынадай – әр қатысушының қолынан ұстап, шағын қадамдармен табысты әрі тиімді кәсіпкерді өсіру. Бағдарлама жас, бірақ қазірдің өзінде жақсы нәтиже беруде, нәтиже қалағанымздай жоғары болмаса да, ұзақ мерзімді перспективада бұл тұтастай алғанда ел экономикасына мультипликативті әсер етуі мүмкін.  Оқыту және жобаларды сүйемелдеу шеңберінде біз атқарып жатқан жұмыс ұзақ уақыт бойы және тұрақты негізде жүргізілуі керек, сонда ғана біз мақтануға болатын тиімділікке қол жеткізе аламыз.

– Биыл оқу курсы қандай шарттар бойынша және қалай жүзеге асырылады?

– Биылдан бастап офлайн оқытудан бөлек, 14 облыс орталығы мен 3 ірі қалада  Atameken Academy платформасында онлайн оқытуды іске қосамыз.  Оқу бағдарламасы ауыл шаруашылығы малын күту және бордақылаудың технологиялық процесін білуде дағдыларды күшейту, түпкі өнімді өңдеу және өндіру, кепілдендірілген өткізуді қалыптастыру, электронды коммерция дағдыларына оқыту және жүзеге асырылатын бизнес жобалар бойынша біліктілікті қалыптастыруға негізделеді. Оқыту өткен жылдардағыдай 12 модульден тұратын болады. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша мазмұн өзгереді. Сонымен қатар оқыту басында жоба қатысушыларының біліктілік деңгейін нақты түсіну үшін тыңдаушыларымыздың білім деңгейіне өлшемшарт жүргіземіз.

Оқыту процесінде біз аралық тестілеуді қарастырамыз, аталған тестілеу ақпаратты ігеру үдерісін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл шара тренер үшін және оқыту қатысушысына да пайдалы. Егер адам аралықты тестілеуден екі рет өтпей қалса, онда ол топтан шығарылады. Осылайша оқу аяғына дейін біз сапалы дайындалған кәсіпкерлерді шығарамыз.

– Жобадағы осындай өзгерістер не үшін жасалды?

– Аталған бағдарламаны іске асыру уақыттан (2017 жыл) бастап біз жүзеге асырылған жобаларға мониторинг жүргізіп келеміз. Мұндай жұмыс іске асырылған жобаларды талдауға және оларды уақтылы жетілдіруге «Бастау» жобасын модернизациялауға көмектеседі.  

 Қазіргі таңда тыңдаушыларымыздағы дағдыларды сапалы қалыптастыру процесін күшейту қажет екенін нақты түсініп отырмыз. Атап айтқанда сату, коммуникация, өндіріс технологияларын білуге қатысты дағдылар. Сондай-ақ біз бір орында тұрмай, нарық қажеттілігін жіті бақылаудамыз.

 Бүгінде елімізде 100%-ға жүктелген өңдеу кәсіпорындары аз. Бізде қай жерде қанша және қандай шикізат қажет туралы ақпарат бар. Бұл қатысушыларымыздың шикізатын өткізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

– Жобаға қатысу үшін қалай өтінім беру керек?

– «Бастау» жобасына жас ерекшелігіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамиығандар, еңбекке жарамды мүгедектер, оралмандар, көшіп келгендер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, бизнесі 3 жылдан аз уақыт жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

 «Бастау» жобасына қатысу үшін қалаңызда немесе ауданыңыздағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегіне жүгіну қажет, сондай-ақ онлайн өтінімді Atameken Academy платформасында беруге болады.

 Анықтама ақпарат: 1432 «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығы

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер