«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талдықорғанда жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер басшыларымен кездесу өтті

2020 жылғы 22 Қаңтар
- Жетісу облысы
4615 просмотров

Бүгін Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов Талдықорған қаласы филиалының "қазақстандық үздіксіз білім беру ассоциациясы" заңды тұлғалары, жеке кәсіпкерлер бірлестігінің мүшелері және жеке меншік балабақшалардың басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында аталған саланың кәсіпкерлерін толғандыратын бірқатар мәселелер талқыланды. Аталған қауымдастық филиалының директоры Маржан Ахмеджанованың айтуынша жеке балабақшаларды қаржыландыру ережесіне бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізу қажет. Негізгі мәселелердің бірі - 2019 жылғы жан басына шаққандағы қаржыландыру берешегінің қалдығын өтеу, сондай-ақ ағымдағы жылы жан басына шаққандағы қаржыландыруды арттыру.

"Бүгінгі таңда ең басты мәселе – қазіргі уақыттағы жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі жеке меншік балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтардың жалақысын арттыруға мүмкіндік жоқ. 2019 жылғы 1 маусымда ҚР Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді. Бұл мемлекеттік қаржыға қараған балабақшалар үшін жақсы болғанымен, жеке меншік балабақшалар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қиындық туғызуда. Сондықтан біздің мекемелерді қаржыландыруды қайта қарау күн тәртібіне шығып отыр. Мемлекет тарапынан қаржыландыру болмаған жағдайда жекеменшік балабақшалар бағаны көтеруге мәжбүр болады. Менің ойымша, бұл көптеген отбасы бюджетіне әсер етеді", - деді Маржан Мұратқызы.

Бұл мәселеге Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов төлем қалдықтары жақын арада жүзеге асырылатынын, барлық көтерілген мәселелер зерделеніп, назарға алынатын болады деп жауап берді. Сонымен қатар басқа сұрақтарға да толық түсініктеме берілді.

Отырыс соңында өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов бүгінгі кездесуде жеке балабақшаларда мектепке дейінгі білім берумен байланысты көптеген проблемалық мәселелер көтерілгендігін атап өтті. "Жеке меншік балабақшаларды қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы сіздің пікіріңізді ескере отырып, біз өз тарапымыздан өздеріңізбен бірлесіп, одан әрі жұмыс істеу үшін жоғарғы органдарға жіберіп, толықтыратын боламыз. Себебі білім саласы — қоғам дамуындағы маңызға ие", - деп түйіндеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер