Қазақстанда шетелдіктерге арналған көші-қон режимі өзгерді
Шетел азаматы Қазақстанға келген сәттен бастап бес күн ішінде тіркелу міндеті алынып тасталды
Тіркеусіз жүруге жауапкершілік алынып тасталды. Бұл өзгерістер заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл алғандар мен депортацияланғандардың саны төмендейді деп күтілуде. Қазір шетелдіктер Қазақстанда 90 күн бола алады, демек 30 күндік мерзімге үш рет келе алады.
ҚР ІІМ Көші-қон полиция комитеті, ҚР ҰҚК және «Атамекен» ҰКП көші-қон жөніндегі заңнамада жаңашылдықтар бойынша сұрақ-жауаптан тұратын жаднама дайындауға уағдаласты.
«Өзгерістерге қарамастан, келген шетелдіктер туралы өкілетті органдарға хабарлама беру жуапкершілігі шетелдіктерді қабылдаушы тұлғаларға қойылады. Нарық өкілдерінде мұның бәрі қалай жүзеге асырылатынына қатысты сұрақтары бар. Нарыққа қатысушылардың барлық сұрақтары ҰҚК және ІІМ-на жіберіледі», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.
Айта кетелік, қабылдаушы тарапқа қойылған хабарлама тәртібі 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Көші-қон қызметіне хабарлама жіберудің екі әдісі бар: көші-қон қызметі мекенжайына хат түрінде жіберу және электронды үкімет арқылы виза-көші-қон порталына жіберу.
«Егер шетелдіктің келуі 30 күннен асып кетсе, онда уақытша тұруға рұқсатты рәсімдеу керек, оны қабылдаушы тұлға рәсімдейді. Егер бұл еңбек мигранты болса – рұқсат еңбек келісімшарты мерзіміне қарай рәсімделеді. Егер жеке сапар болса – 60 күнге дейін уақытша тұруға болады. Жалпы, рұқсат рәсімделетін мерзім келу мақсатына байланысты әрі бір жылдан аспауы тиіс», – деп түсіндірді Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Сабыржан Сейітжанов.
Ал хабарламаны жіберуге шақырушы (турфирма) немесе қабылдаушы (орналасу орны) тұлға беруі керектігі жайындағы мәселе ашық күйінде қалды. Заңнама жүзінде хабарландыруды екі тарап та орындауы керек.
«Бірақ, егер туристі турфирма шақырған болса, ал ол келіп қонақүйде тұрса, онда хабарлама туралы сұралым қонақүйге жатады. Аталған екімәнді норма қосымша қарауды қажет етеді», – деді Сейітжанов.
Осыған дейін қонақүйлер шетелдіктердің келуін хабарлау және оларды тіркеуге қарсы болған. Ал қызметтерді көрсетушілер – қосымша төлем алған, өйткені процесс уақыт алады. Әсіресе ірі отельдерде салмақ байқалады, онда күніне 100-ден астам тұрғын келуі мүмкін.
«Виза-көші-қон порталы шеңберінде әр туристке бөлек-бөлек емес, хабарландыруды бір топқа бірақ бір файлмен жіберу мүмкіндігі бар ма?», – деп сұрады Еуразия туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаева.
Мемлекеттік органның пікрінше, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және ҚР ҰҚК бірлесуімен енгізілмек «E-Hotel» бағдарламасы мәселенің шешімі болады. Егер қонақүйлер аталған бағдарламаны күнбе күн қолдана бастаса, шетелдіктің келуі туралы хабарлама көші-қон қызметіне автоматты түрде жөнелтіледі. Әзірге бизнес өкілдеріне ұсыныстарды Цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-қа жіберу ұсынылды.
Кәсіпкер Қанат Елеусізов қонақүй, жатақхана немесе пәтердің әр қожайыны шетелдіктің 30-күндік мерзім ішінде тұрғылықты жерін ауыстырғанына қатысты көші-қон қызметтеріне хабарлауы керек пе деген ой білдірді.
«Егер туристер караванинг тәсілімен жеке көліктерімен келсе және жергілікті орналастыру жерлерде тұрмаса – олар туралы кім хабарлама беруі керек? Сонымен қатар кемпинг туралы сұрақ бар. Және хабарлама жіберілген соң кері байланыс қарастырылған ба?», – деп сұрады Қанат Елеусізов.
Жаңа ереже бойынша тұрғылықты жерді әркез ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға (қонақүйлер, хостелдер, жалға алынған пәтерлер, емдеу-сауықтыру мекемелері, жеке тұлғалар және т.б.) үш жұмыс күні ішінде шетелдіктің келуі туралы хабарлауы керек. Егер хабарландыруды интернет арқылы беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, оны поштамен жөнелту қажет.
ТМД-дан келген туристерді рәсімдеу тәртібі түсініксіз болып отыр, аталған туристер кириллицамен толтырылған ішкі төлқұжаттармен саяхаттайды. Аталған жағдайда ҰҚК қызметкерлері хабарландыруларды хат жүзінде жіберуді ұсынды. Бұл мәселе ІІМ және ҰҚК қарауында жатыр.
Өз кезегінде Юлия Якупбаева басты мәселе – егер бұзушылықтар орын алса айыппұлдар қалай төленеді, қаражатты қандай реквизиттерге жіберу керек? Шекара өтуде кезек легі үлкен болмай ма? Және туристерді сот шешімі күтіп рейстерден алып қалуды доғара ма деген сауалдар қойды.
«Әуежайларды айыппұлды терминал арқылы төлеуге болады. Осы ретте шетел азаматында айыппұлды бірден төлемей, 30 күні ішінде төлеуге мүмкіндік бар. Мысалы егер өткізу пунктерінде терминал болмаған жағдайда бұл ыңғайлы. Тиісті реквизиттері бар арнайы квитанция туристің қолына беріледі. Егер шетелдік айыппұлды бірден төлесе, шекара қызметінің арнайы қызметкері туристі терминалға дейін апарып, аталған процедураны орындауда көмек береді. Осы ретте шекара өтіп жатқан басқа туристерге ыңғайсыздық жасалмауы керек. Бұл шекара өту тәртібін бұзу болып табылады және мұндай жағдайлар туралы ақпаратты ҰҚК-ға жіберу керек. Ол үшін барлық өткізу бекеттерінде тиісті ақпарат, соның ішінде WhatsApр нөмірі бар, онда фото, бейнежазба және аудиоматериалдарды жіберуге болады», – деді ҰҚК өкілдері.
Қорытындылай келе, Юлия Якупбаева барлық сұрақтарды «Атамекен» ҰКП-ға ары қарай зерттеу және жауап алу үшін белсенді түрде жіберуді өтінді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: