«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Басты басымдық – бизнесті қорғау мен қолдау

2020 жылғы 20 Қаңтар
- Түркістан облысы
10865 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы 2019 жылды қорытындылады

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров атқарылған жұмыстар, ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Ол өз сөзін кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша атқарылған жұмыстардан бастады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыттары кәсіпкерлердің құқығын қорғау болып табылады. 2019 жылдың басынан бастап Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бағыты бойынша кәсіпкерлік субъектілерінен 560 өтініш келіп түсті, оның 418-і оң шешімін тапты. Біз түркістандық кәсіпкерлердің мүліктік құқықтарын 10 млрд. теңге қорғадық. Бұл жойылған айыппұлдар, өсімақылар, тауарлар мен жылжымайтын мүлікті қайтару», – деді директор.

Сонымен қатар, Палата басшысы 2019 жылы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес бизнестің 10 проблемалы мәселелерін қарастырғанын, оның үштен бірі оң шешімін тапқанын атап өтті.

Өтініштердің басым бөлігін жер мәселелері, несиелендіру және мемлекеттік сатып алу мәселелері құрайды.

Қаржылай емес қолдау көрсету аясында барлық бағыттар бойынша жұмыс алда келеді деп толықтырды спикер. 16 мыңнан аса ШОБ субъектілеріне 20 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілді.

Айта кету керек, Еңбек бағдарламасы аясында 12 579 адам оқудан өтті, оның 7 933 адамы грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24% жұмыспен қамтылды. Өңіріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағдарламаның үлкен серпіні бар десек қателеспейміз.

Оның ішінде «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобасы сәтті жүзеге асырылды. Бұл оқыту курстарын бітірген түлектердің көбісі өз істерін ашып, кәсіпкер атауда. 2019 жылы бұл жобалар бойынша облыстың 7113 жұмыссыз тұрғыны оқудан өтті. Оның аясында 2,7 млрд.тг сомасына 401 жоба іске асырылып, 3,2 млрд.тг сомасына 6 456 түлекке грант берілді. Бұл оқыту курстарын бітірген түлектердің көбісі өз істерін ашып, кәсіпкер атануда.

Сондай-ақ, қысқамерзімді оқыту бағыты бойынша 5 466 жұмыссыз азаматтар оқу курстарынан өтіп, оның 2 735 жұмыспен қамтылып, 1 477 түлегі 745,8 млн.тг грант иегері атанды.

Спикер сондай-ақ, «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы бойынша жеке тоқталды. Бүгінгі күні жобалық алқа тізілімде 61 442,7 млн.теңге сомасына 316 жоба тіркелген, оның ішінде құны 14,5 млн. теңге 83 жоба  қаржы институттары мен банктер қарауында.

Екінші деңгейлі банктермен 12 843,7 млн. теңге құрайтын 24 жоба қаржыландырылса, Аграрлық несие корпорациясы 906,5 млн. теңге сомасына 47 жобаны қаржыландырды. Барлығы 13 млрд. теңгеден аса қаражатқа  71 жоба қаржыландырылған.

Түркістан облысының экономикасы негізінен аграрлық сектор болғандықтан, жобалардың жартысынан көбі агроөндіріс-69% құрайды,одан кейін тамақ өнеркәсібі – 16%, одан әрі туризм, денсаулық сақтау және білім беру сияқты бағыттардағы қызмет көрсету саласы.

Өңірде АӨК және түйе шаруашылығын дамыту саласы да шетте қалмады.

Палата басшысының айтуынша, елімізде мақта және түйе саласын қолдайтын бірде бір мемлекеттік бағдарлама жоқ.

«Бұл ретте, бағдарлама аясында мақтаны өсіру және мақта талшықтарын қайта өңдеу бойынша жобаларды қажыландыру мүмкінді пайда болды. Нәтижесінде, жылдық айналымы 95 млн. АҚШ долл. құрайтын мақта саласының мәселесі шешілді. Бүл өңіріміздің экономикасына, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың бірде бір жарық көрінісі», – деді ол.

Сонымен қатар, Түркістандағы «Golden Camel» cүт өңдеу зауытын шикізатпен  қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп Түйе шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік бағдарлама әзірледі. Бұл ретте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие беру тетігі пысықталып, түйе бойынша екі ЭҚЖЖ қосылды.

2020 жылға арналған жоспарлар туралы айта келе, директор елдің оңтүстігінде шағын механизацияны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.

Брифинг барысында журналистер несиелеуге, сервистік қызметтерге, «Жас кәсіпкер» жобасына және бизнес бастамаларға қатысты қызықтыратын сұрақтар қойып, жауаптарын алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер