«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль көлігін қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы

2020 жылғы 20 Қаңтар
6517 просмотров

 Заң жобасын қабылдаудың мақсаты халықарық автомобиль тасымалдарына жүргізілетін мемлекеттік бақылауды жетілдіру

Жоба ұсынатын негізгі өзгерістер:

  •  Тауарлардың бүкіл маршрут бойынша жүруіне үздіксіз мониторинг жүргізу, тауарларды көзделген межеге дейін жеткізу және тиісті салық пен бюджетке баж салығын толыққанды төлеуді қамтамасыз ету;
  • Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда электронды индентификатор (навигациялық пломба) түрінде заманауи техникалық құралардар есебінен халықаралық автомобиль тасымалдарына мемлекеттік бақылаудың жаңа механизмдерін енгізу;
  • төлемдер мен салықтар төленетін тауарлардың қозғалысын бақылау мүмкіндігі арқылы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне халықаралық тасымалдарды бақылау жүйелеріне ұлттық операторды анықтау жөніндегі құзырет берілуі.
  • халықаралық тасымалдауды бақылау жүйесінің ұлттық операторы мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы бойынша тауарлардың қозғалысын халықаралық тасымалдауды бақылаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етумен бақылауды қамтамасыз етеді;
  • халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларға қолданылатын талаптарды, атап айтқанда электронды индетификаторларды (навигациялық пломбалар) қолдану талаптарын бекіту.

Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен халықаралық тасымалдарды бақылау жөніндегі ұлттық оператордан электронды индетификаторларды (навигациялық пломбалар)  жалға алуға қаржылық шығындарды қажет етеді.

Жоба бойынша ұсыныстар мен ескертпелер болса мына телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919 335


Еншілес ұйымдар

Серіктестер