«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер әйелдерге арналған семинар өтеді

2020 жылғы 20 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
8787 просмотров

30 және 31  қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы «Ақ жайық» шипажайында ауыл әйелдері арналған семинар өтеді

Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ ауыл әйелдерінің экономикалық әлеуетін дамыту.

Форумның ұйымдастырушылары – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі. Іс-шараға 40-тан астам қатысушы – шаруа қожалықтардың басшылары, ШОБ жетекшілері.

 Іс-шараны ұйымдастырушылар ауыл тұрғындары халықаралық ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік инвесторлармен бірге В2В форматында келіссөздер, оқу семинарларында кездесе алатын алаңдарды құруға ниеті.

 Талқылау мен пікір алмасудың негізгі тақырыптары: ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешу, ШОБ-ты қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдары, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылда бизнес-бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары болмақ.

 Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады? Жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.

 Қатысушылар бизнес-жоспарды құру, әлеуетті клиенттерді табу, жарнаманы құру және бизнесті интернет арқылы алға жылжыту дағдыларын үйренеді.

Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақ Жайық ауылы, Н. Майданов к-сі, 10, «Ақ Жайық» шипажайы.

 Семинарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасы uralsk@atameken.kz арқылы жазылуға болады.

Естеріңізге салсақ, Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде «Атамекен» ұйымдастыруымен тегін оқу семинарлары еліміздің 15 өңірінде өтеді

Курс бағдарламасына екінші деңгейлі банктер және микро қаржы ұйымдары – Азия даму институты/ Даму бағдарламасына қатысушыларының таныстырылымдары енген. Сонымен қатар қаржылық есептілікті қалыптастыру және жүргізу, бизнесті бастауға қажетті заңгерлік мәселелерді түсіну, қолжетімді несиелерді алуға құжаттарды дұрыс жинақтау және ұсыну жолдарына басымдық жасалмақ.

 Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер