«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңізшевроил компаниясында алғаш рет сатып алулардың 2020 жылға жоспары жарияланды

2020 жылғы 17 Қаңтар
11594 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының –  Petrocouncil  Стратегиялық әріптестіктерді дамыту жөніндегі кеңестің ауқымды жұмысынан кейін, қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде Теңізшевроил компаниясы Қазақстанда жұмыс істеудің 26 жыл ішінде  алғаш рет 2020 жылға Сатып алулардың жоспарын жариялады

Құжат компания сатып алатын барлық тауар, жұмыс және қызмет түрлерін қамтымайды, алайда отандық тауар өндірушілерге ірі мұнай-газ операторына қандай тауар, жұмыс және қызмет түрлері қажет екені бойынша жалпы бағдар береді.

Сатып алулар бөлімі және Жергілікті бизнесты дамыту департаментінің атсалысуы арқылы теңізшевроил компаниясы ашықтық және нарықтың әділетті дамуы жолында маңызды қадам жасады. Компания хабарламасында: «Қазақстан Республикасының жергілікті қамтуды дамытуға қатысты заңнамасын тұрақты ұстану жөніндегі жұмыстың шеңберінде Теңізшевроил компаниясы Қазақстан Республикасында геологиялқ барлау және өндіріс бойынша қызметті қамтамасыз ету мақсатында тауарлар мен қызметтерді сатып алу және келісімшарттарды жасау жөніндегі өз жоспарын жариялайды. Келісімшарттар мен сатып алулар жөніндегі жарияланған жоспар  Теңізшевроилдың өз өндірістік-шаруашылық қызмет салаларын қамтамасыз ету бойынша тауарлар мен қызметтер жеткізуде  мүмкін болатын қажеттіліктерін көрсетеді», делінген.  

 Сатып алулар жоспарымен http://www.tengizchevroil.com/localcontent сайтынан танысуға болады. Осыған дейін NCOC және КРО компаниялары да сатып алулар жөніндегі жоспарларын жариялаған болатын, осылайша отандық бизнеске даму перспективалары туралы ақпаратқа қолжетімділікті ашты. Сатып алулардың барлық жоспарларымен petrocouncil.kz сайтында танысуға болады: https://petrocouncil.kz/

Мұнай-газ саласының жыл сайынғы жұмыс, тауар және қызметтерді сатып алулар көлемі орташа 4,5 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 3 трлн-нан астам теңге үш ірі операторға тиесілі. Осы ретте қазақсатндық қамту үлесі шамамен 40%-ды құрайды, ал тауарларды сатып алуда небәрі 20%. Қалған 80% – бұл қазақстандықтардың егер өздері өндірістер құрған жағдайда жұмыс істеу және пайда табудағы жіберілген мүмкіндіктері.

Қазақстанда шығарылатын аккумулятор, тартпалар, кабель-өткізу өнімдері, клапандар, жетектер, қысым астындағы түтіктер және басқа да тауарларға деген қажеттілік осы үш компанияның өзінде 1,1 млрд АҚШ долларын (545 млрд  теңге) құрап отыр.

Айта кетелік, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,1 млн кәсіпкер бар, соның ішінде 1,4 млн кәсіпкер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша «жұмыспен бейресми айналысатындар». Бұл адамдар өз жұмыстары туралы есеп бермейді, салық төлемейді және әлеуметтік қорларға аударымдар жасамайды, яғни факті бойынша жұмыссыздар болып табылады. Мұнай-газ саласына жаңа өндірістерді құру – осы кәсіпкерлерді жұмыспен және жаңа біліктілікпен қамтамасыз етер еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер