Үкімет және Ұлттық палата импорт үлесін төмендетуге күш салады
2020 жылдың 17 қаңтарында Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Импортты алмастыру жөніндегі кеңестің құрылуы туралы хабарлады
Іс-шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ және «Alageum Electric» Компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Сайдулла ҚОЖАБАЕВ қатысты.
Кеңестің негізгі міндеті – Үкімет алдында импортты алмастыру бойынша тиімді ұсыныстарды әзірлеу мақсатында өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласында табысты кәсіпорындардың тәжірибесін біріктіру.
2016 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі тауарларының импорт көлемі 36%-ға өсіп2018 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 млрд АҚШ долларын құрады. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша тауар нарықтарында 2018 жылы құс еті бойынша импорт көлемі – 50%-ға артқан, ет консервілері – 32%, шұжық – 40%, көкөніс консервілері – 72%, өсімдік майы – 30%, кептірілген нан және печенье – 39%, макарон – 15%, қант – 55%, кондитерлік өнімдер – 49%, ашытқы бойынша импорт үлесі – 57%-ға артқан. Жеңіл өнеркәсібі тауарларының басым бөлігі бойынша импорт үлесі 90%-дан асады.
Бүгінде елдегі кәсіпорындар қуаттылығының орташа жүктелуі 55%-дан аспайды, ал негізгі мәселе – өткізу нарықтары мен қаржыландыруға қолжетімділік болып отыр.
2019 жылдың наурыз айынан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жұмысты жүргізіп келеді, кәсіпорындарға жеңілдікпен несиелеу көрсетілуде. Сонымен қатар өткізу нарықтарын кеңейту, атап айтқанда сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыру жұмысы жүргізілуде.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 1 шілдеден 1 желтоқсанға дейін аралықта CT-KZ сертификаты бар жеткізушілерде өңірлерді мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 2 пайыздан 39 пайызға дейін өсті, соның ішінде жеңіл өнеркәсібінде – 1 пайыздан 40 пайызға, жиһаз өнеркәсібінде – 5 пайыздан 39 пайызға, құрылыс индустриясында – 1 пайыздан 36 пайызға, тамақ өнеркәсібінде – 1 пайыздан 41 пайызға дейін өсу байқалды.
Кеңес алаңында бизнес-қоғамдастық уәкілетті мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп, жергілікті қамтуды және реттелетін сатып алу жүйесін, кедендік-тарифтік саясаты, техникалық реттеу, шикізат базасын дамыту, инфрақұрылымдық даму, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі дамуына байланысты басқа мәселелерді талқылайтын болады;
Сайдулла Қожабаевтың айтуынша, Кеңес кәсіпкерлерге импортты алмастыру бойынша инвестициялық жобаларды құру және іске асыруда көмек беруі керек.
Ұлттық палата бизнеспен бірлесіп, негізгі критерийлер: шикізаттың болуы, Қазақстан нарығында, соның ішінде реттелетін сатып алулардағы сұраныстың болуы, өндірістік технологиялық қолжетімділігін назарға алып, 362 перспективалы тауар тобын дайындады. Сонымен қатар ары қарай экспорт әлеуеті ретінде ЕАЭО нарығындағы сұраныс та есепке алынды.
Тауар топтары 5 сала: машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, химиялық өнеркәсіп және жиһаз өнеркәсібі бойынша іріктелді.
Соның ішінде бүгінгі таңда бизнес өкілдермен бірлесіп, жиһазға арналған ДСП/ДВП, тығын арматурасы, пластик өнімдері, ет, түрлі химиялық заттар бойынша 20-ға жуық инвестициялық жоба әзірлену үстінде.
Аталған жобалар жуық арада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында таныстырылатын болады.
Жобалар жекелген жол карталарын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады, жол карталарда қажетті қолдау шаралары (мысалы, жеңілдікпен несиелеу, Самұрық-Қазына қорының офтейк-шарттары және т.б.), бизнес міндеттемелері, жауапты мемлекеттік органдар, мерзімдер көрсетіледі.
Кеңес құрамына жауапкершілігі жоғары бизнесмендер – саланың көшбасшылары кіреді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Импортты алмастыру жөніндегі кеңесті құрудың бастамашысы Сайдулла Қожабаевтың кандидатурасын Кеңес төрағасы ретінде ұсынды.
Кеңестің алғашқы отырысы 2020 жылдың қаңтар айының екінші жартысына жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: