«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Атамекен» алаңында Байланыс тобы құрылды

2020 жылғы 17 Қаңтар
- Ақмола облысы
31373 просмотров

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасында түйткілді мәселелерді талқылау және жедел реттеу мақсатында алғаш рет Байланыс қызметі құрылды. Оның құрамына «Атамекен» өкілдері, Көкшетау қаласының әкімі және басқа да мемлекеттік органдар кірді

 Бүгінде Көкшетау қаласында кәсіпкерлікті дамыту саласында түйткілді мәселелер бары белгілі. Мәселелердің басым бөлігі жер пайдалану, сәулет және қала құрылысы, жалпы жер телімдеріне қол жетімділікке қатысты.

 Атап айтқанда, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына түсетін өтінімдердің басым бөлігі жер қатынастарына қатысты, олардың саны жылдан  жылға артып келеді, сондықтан Байланыс топтың алғашқы күн тәртібі осы мәселеге арналды. Айта кетелік, екі сағатқа жалғасқан кездесу барысында кәсіпкерлердің 40-там астам өтінімі қаралды. Олардың кейбірі бірден шешімін тапты.

 «Бізге келіп түскен барлық өтінімдерді жіті қарап, жүйелеген соң біз бизнес мәселелерін тезірек шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен көпфункционалды диалог алаңы қажет деген қорытындыға келдік. Мұндай алаң ретінде Көкшетау әкімімен бірлесіп, Байланыс тобын құрдық. Аталған ашық диалог – кәсіпкерлердің мәселелерін алғашқы көзден біліп, бірден әрекет етуге мүмкіндік береді. Көптеген мәселелерді уақыт созбай тез шешуге тырысамыз», – деді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Байланыс тобының кездесулері ӨКП алаңында ай сайын ұйымдастырылады. Кездесулерге бизнес және мемлекеттік органдары өкілдері қатысады. Күн тәртібінде түрлі мәселелер қаралатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер