«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шенеуніктердің салғырттығы төбелес пен шығындарға әкеп соқты

2020 жылғы 17 Қаңтар
6166 просмотров

 2020 жылдың 16 қаңтарында Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен, сондай-ақ мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен  «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Күн тәртібінде екі мәселе: мемлекеттік органдардың бизнестің инновациялық жобаны жүзеге асыру бойынша  қызметіне заңсыз араласуы және кедергі келтіруі, сонымен қатар дүкенді жалға алу мәселесі қаралды, аталған сауда объектісі шенеуніктердің қателігі салдарынан «дау ошағына» айналып, тіпті екі кәсіпкердің төбелесіне түрткі болған.

 Бірінші проблема «Global Chemicals Company» компаниясына қатысты, аталған кәсіпорын байқау негізінде ҚР Үкіметі және Дүниежүзілік банктің грантын жеңіп алды. Осылайша жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2018 жылдан бері «Карбоксимилатталған крахмал алу технологиясын әзірлеу» жобасын іске асырып келеді. Жобаның тиімділігі білім және ғылым министрлігі сарапшыларымен, сондай-ақ халықаралық сарапшыларымен зерттеліп, оның мемлекет үшін тиімділігі расталған болатын.

Алайда, біраз уақыт өткен соң ҚР Білім беру министрлігінің Ғылым жөніндегі комитеті тарапынан жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс негізсіз ұзара бастады, аталған ведомство министрліктің грант бөлуге келісіміне қатысты қабылдаған шешімін тексере бастап, нәтижесінде екі жыл ішінде жобаның іске асырылуы толығымен тоқтаған. Бұл мәселені Кеңес отырысында қарау мемлекеттік органның компанияның өндірістік қызметіне негізсіз араласуын көрсетті.

 «Комитеттің өкілдері заңнаманың талаптарын бұзып, ЖШС-дан заңнамамен қарастырылмаған қосымша шарттарды орындауды талап еткен,  бұл талаптар қосалқы жобаның іске асырылуын созып қана қоймай, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісіне қосымша қаржылық ауыртпалық әкеледі», – деп атап өтті Кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Нәтижесінде Заң талаптарын бұзып Комитет комитетке заңсыз санкцияларды қолданып, қосалқы жобаның жүзеге асырылуын тоқтатты.  

 Талқылау барысында Кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мақсатында Комитет қызметкерлерінің іс-әрекеттерін нақты реттеу қажеттілігін қарастыруды ұсыну туралы шешім қабылдады.

«Компанияның қол қойылған келісім бойынша міндеттемелерді іске асыруды шектейтін субъективті себептерді алып тастауды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар жобаның іске асырылуын 14 айға шегерген заңсыз әрекеттер жасаған өкілетті тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені қарау қажет деп санаймын», – деп санайды Кеңес төрағасы.

 Екінші мәселе тұрғын емес орынжайды ұзақ мерзімге жалға алуға қатысты, аталған орынжайды кәсіпкер Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінде тіркеген. Кейін кәсіпкер әйелге орынжайды жалға беруден заңсыз бас тартқан, осы ретте ол орынжайға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп қойған. Ұзаққа созылған пікірталастың арты дауға айгалды, өйткені мемлекеттік орган аталған орынжайды басқа кәсіпкерге жалға берген.

Прокуратура және полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі салдарынан жәбір көрген кәсіпкер әйел жалға алынған орынжайды заңсыз тартып алу фактісі бойынша  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына көмегіне жүгінген. Осыған дейін жалға алынған орынжайда кәсіпкердің «Brand Media» дүкені орналасқан. Кәсіпкердің Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті, ІІМ Тергеу департамені басшылығына жасаған өтінімдері нәтиже бермеді.

 «Демек, сот орындаушылары кәсіпкердің бірнеше рет өтінім жасауына қарамастан сот шешімін орындамаған, қылмыстық іс бойынша шешім қабылданбаған, кәсіпкер әйелдің орынжайды заңсыз  иеленген екінші кәсіпкерден соққы алуы  бойынша шешім қабылданбаған», – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

Соның нәтижесінде Кеңес ҚР Ішкі істер министрлігіне заңмен белгіленген мерзім ішінде негізделген шешімді қабылдауды қамтамасыз етуді ұсынады. Сонымен қатар қадағалау тәртібінде орынжайды жалға беру және ұрып-соғу фактілеріне қатысты қылмыстық іс бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығын тексеру қажет.

 Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласынің Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер әйелдің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жан-жақты кеңес беру-құқықтық көмек көрсетеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер