«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық дизайнерлер 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар алды

2020 жылғы 16 Қаңтар
- Алматы қаласы
5375 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде «Altyn Oimaq» ұлттық дизайнерлер байқауының жеңімпаздарына, «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және тұрақты дамыту қоры» ҚҚ директоры Динара Аллаберген сертификаттар пен ақшалай сыйлықтарды табыстады.

Аталмыш шараға Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов және байқау комиссиясының мүшелері Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова сонымен қатар қазақ оюлары туралы кітаптың авторы, кәсіби суретші және дизайнер Ерлан Қожабаев қатысты.

«Өткен жылы алғаш рет «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және тұрақты дамыту қоры» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен «ALTYN OIMAQ» Ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтті. Байқаудың жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық өндірушілерді дамыту, жаңа есімдерді шығару және өндірістік кәсіпорындарды дизайнерлермен біріктіру мақсатында ұйымдастырылған болатын», - деп баяндады Айтуар Қошмамбетов.

Байқауға Қазақстанның 14 өңірі, 36 өндірістік кәсіпорын және жеңіл өнеркәсіп саласының 1500-ге жуық өкілі қатысты, олардың қатарында жаңадан ісін бастаушы дизайнерлер және ірі кәсіпорындардың өкілдері болды. Қатысуға кәсіпорындар мен дизайнерлерден 284 өтінім жіберілген.

«Мен бұл жобаға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысқаныма өте қуаныштымын, - деп атап өтті Айжан Бекқұлова. - Мен көптеген талантты суретшілер мен дизайнерлердің осы байқауға қатысуға ниет білдіргенлеріне өте қуаныштымын, көптеген қызықты өтінімдер болды, нәтижелері тым әсерлі. Айта кету керек, қатысушылардың деңгейі әр түрлі болды. Менің ойымша, бұл байқау жалғасады және дизайнерлердің шеберлік деңгейі де артатын болады. Алматының жеңімпаздары - екі жарқын тұлға, олар жеңіске әбден лайықты, бұл кісілер қазақстандық брендті құра алатын тамаша дизайнерлер».

Байқау үш кезең аясында өтті - 1 кезеңнің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері 12 үміткерді анықтады, онда әр номинация бойынша екі үміткерден анықталды. 2 кезең қорытындысы бойынша www.altynoimaq.kz  сайтындағы қоғамдық онлайн дауыс беру арқылы ең көп дауыспен алты лауреат анықталды. 3 кезең барысында алты лауреаттың ішінен комиссия мүшелері бір Гран-при иегерін анықтады.

«Біз қорытындыны шығарып, жүлделі Қордың сертификаттарын алты жеңімпаздың ішінен Алматы қаласының екі қызына табыстаймыз. Комиссия мүшелері жұмыстарды өте мұқият іріктеді. Бүгінгі байқау еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудағы үлкен жобаға айналғанына қуаныштымын. Биылғы жылы да байқау өз жалғасын табатын болады  және барлықтарыңызды қатысуға шақырамыз», - деді Динара Аллаберген сыйлықтарды тапсыру кезінде.

Байқаудың қорытындысы бойынша Гран-при алматылық Алина Даниловаға («Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны» номинациясы) берілді, байқаудың лауреаты болып алматылық дизайнер Эльмира Битөреева («Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны» номинациясы) марапатталды.

Алина Данилова байқауда спорттық костюмді ұсынды. Оның шығармашылық жолы өте қызықты.  Қазір ол Алматыдағы Istart.kz цифрлық кескіндеме студиясының негізін салушылардың бірі және қосалқы оқытушы болып қызмет атқарады. Алинаның жеке өмір сүру тарихы ол туғанға дейін басталған десекте болады. Қыздың ата-анасы ерекше жандар қатарынан, екеуіде өнер саласының адамдары. Сол кезде олар бірге болу үшін үйден қашып кетіп, жас қала Екібастұзда болған.

«Менің әкем тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңдерде де рухын жоғалтпай, индустриялық қалашықта шығармашылықпен жұмыс істей білді. Тіпті осы уақытқа дейін кейбір балабақшалар мен мекемелер оның түрлі-түсті фресстерлерімен безендірілген. Мәселен, мен алты жасымда, бұдан әрі немен айналысатынымды білдім. Әрине, менде әкем секілді әдемі сурет салуды үйренгім келді», - деп баяндады Алина.

Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдап, ақыры ресми түрде дизайнер атанғаннан кейін, қыз армандар қаласы Алматыға бет алды. Қазір ол бұл шешімі туралы еш өкінбейді, оңтүстік астананың әсем табиғаты оны әрдайым шабыттандырады.

«Мен өз ерекшеліктерімді артық санамаймын.  Біз барлықтарымыз белгілі бір міндеттер мен мақсаттар үшін туыламыз, осы тұста менің жолым болып өз жолымды анық тапқанмын», - деп ойымен бөлісті дизайнер.

Алина ақшалай сыйлықтың бір бөлігін ата-анасына береді, өйткені ол жеткен жетістіктері мен білімін отбасының арқасында деп санайды, ал бір бөлігі бизнесін дамытуға бағытталатын болады.

Эльмира Битөреева да алған қаражатын жобасын дамытуға және өзінің брендін құруға жұмсағысы келеді. Ол бала кезінен сурет салып, өз қолдарымен әртүрлі нәрселерді жасағанды ұнатады. Ол әрқашан дизайнер болуды армандады, бірақ ол «болашағы зор мамандықты» таңдады.  Алайда, алты ай оқығаннан кейін ғана ол өзінің жақсы көретін ісімен айналысқысы келетінін түсінді. Ол үшін Эльмира Малайзияға, Куала-Лумпурға барып, ондағы киім дизайнері мамандығын алды.

«Мен өз елімдегі сән индустриясын алға жылжытқым келеді және өзімнің жеке брендімді шығарған кезде, мен оны өз отанымнан бастайтын боламын. Сондықтан да оқуды бітірген соң, мен Қазақстанға оралдым», - деп атап өтті ол.

«ALTYN OIMAQ» Ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы үшін Эльмира эскиздер әзірлеген. «Адам өзіне ұнаған ісімен айналысуы керек», - деп санайды дизайнер. «Менің арманым - сүйетін ісімен айналысатын бақытты әйел және ана болу. Менің мақсатым - одан әрі ісімді жалғастырып, оны  дамыту», - деп ойымен бөлісті Эльмира.

Алдағы уақытта «Altyn Oimaq» ұлттық дизайнерлер байқауын жыл сайын өткізу жоспарда бар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер