«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң

2020 жылғы 16 Қаңтар
9977 просмотров

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасын ұсынамыз, аталған заң жобасы білім беру процесін ары қарай жетілдіру, соның ішінде білім беру қызметтерін көрсету бойынша мониторингті жүргізу мақсатында әзірленген

 Жоба не береді? 

  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мене толықтырулар енгізу:

Құқықтық қайшылықтарды алып тастау мақсатында ҚР Еңбек кодексімен қарастырылған жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар тізімі жаңа құжат – дуальді оқыту құжатымен толықтырылады. Өйткені Еңбек кодексінің 119-бабына сәйкес еңбек өтіліне дуальді оқыту туралы келісімшарт негізінде өндірістік оқыту және кәсіптік практикаға кеткен уақыт та қосылады. Осы ретте еңбек қызметін растайтын құжаттар тізімі келісімшарттың аталған түрін қарастырмаған.

  • «Білім беру туралы» ҚР Заңы

«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңына техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түсетін ауыл жастарына квоталар беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу механизмін жетілдіруді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Білім беру ұйымына оқып жатқандарға оқыту, тәрібие беруде қауіпсіз жағдайларды құру және қамтамасыз ету, тәрбиеленушілерге қарау және күтім жасау, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін белгіленген нормаларға сәйкес қамқорлық көрсету бойынша қосымша функция беру.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып шыққандардың үш жыл бойы жұмыспен өтеп беру бойынша іс жүзінде болып жатқан мәселелерге  байланысты  жұмыспен өтеу уақытын оқу мерзіміне сәйкес белгілеу, ал міндеттемелерді орындамауға байланысты бюджет қаражатын өтеу сомасы нақты жұмыс істеген кезеңге пропорционалды ету қарастырылған.  

 Жобаға берілген салыстырмалы кесте

Жоба бойынша ұсыныстар болса, бізге хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919 343, d. sharipbayeva@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер