«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Зейнетақы реформасын іске асырудағы 5 міндет

2020 жылғы 13 Қаңтар
8921 просмотров

«Атамекен»  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақылық жүйені жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыруға қатысты шешімін оң қабылдайды

Зейнетақылық жүйе айналасында талқыланатын мәселелердің легі ауқымды. Жинақталған қаражаттың бір бөлігін баспана алуға жұмсаудан бастап, бизнеске салынатын салықтық ауыртпалыққа дейін. Әрине, ең білікті сарапшыларды ортаға салғанмен, небәрі 2,5 айда барлық сұраққа бірдей жауап беру мүмкін емес.

«Жұмыс тобының алдында зейнетақылық жүйелердің түрлі модельдері, халықаралық тәжірибе талқыланды. Тіпті ерекше пікірлер де айтылды. Сарапшылардың бірі қолданыстағы зейнетақылық жарналарға қосымша ретінде  баспанаға міндетті жарна енгізуді ұсынды. Немесе, мәселен, жинақталған қаражат есебінен қайтарымды негізде несие беру ұсынылды. Мұның бәрі халықаралық тәжірибе негізінде. Бірақ мынадай сұрақ туады, осы модельдерді қандай мөлшерде пайдалану мүмкін болады?», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Мысалға Сингапур практикасын алайық. Бұл мемлекеттегі зейнетақылық жүйе біздің елдегідей жинақтық формада. Бірақ, міндетті жарна сомасы 37 проценттен жоғары. Бұған 22 процент табыс салығы қосылады.

Сингапурда 2019 жылы орташа айлық еңбекақы 4 мың АҚШ долларын құрады. Демек, жеке  жинақталған қаражатты емделу, білім алу, баспана алуға жұмсау экономикалық тұрғыда негізделген.

Біздегі жағдайда ситуация оптимисті емес. БЖЗҚ салымшыларының 69%-ы жинаған қаражаты 1 млн теңгеге дейін. Егер пәтер құны 10 млн теңге болса, бастапқы жарна  шамамен 2-3 млн теңгені құрайды. Осылайша, қазақстандықтардың басым бөлігіне баспана мәселесін шешуге зейнетақылық жинақталған қаражат көмектеспейді.

«Басқа жағынан, Сингапур азаматтары жеке жинақтарына есеп арта алады. Онда әлеуметтік қамтамасыз ету және медицина бойынша мемлекет тарапынан кепілдендірілген төлемдер қарастырылмаған. Бұл аспектілер азаматтың жеке жауапкершілігіне жатады», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

 Қазақстанда азаматтардың бір бөлігі Бірыңғай жинақтық төлемді (1 АЕК) төлейді. Базалық деңгейде әлеуметтік және медициналық қызметтердің басым бөлігі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер есебінен әлеуметтік кепілдемелердің қосымша жүйесі құралады. Қазақстандықтар Тұрғын үй жинақ банкінде баспанаға қаражат жинауға  құқылы (бірақ міндетті емес). «Қаржы орталығы» АҚ бағдарламасы бойынша білім беру депозиттерін ашуға мүмкіндік бар. Аталған жинақтарға мемлекеттік сыйақы қарастырылған.

 Еңбекақылардың жалпы жоғарылауынсыз біз Сингапур тәжірибесін толық көшірмесіне өтуге қаншалықты дайынбыз? Дайын емеспіз-ау. Бұл мәселені кешенді шешу керек. 

«Тура осындай жағдай Еңбекақы қорына түсетін ауыртпалық. Мемлекет басшысының қолдауы арқылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақылық төлемдері 2023 жылға кейінге қалдырылды. Ал басқа төлемдер есебінен еңбекақы қорына ауыртпалық бәрібір 2025 жылға қарай 41%-ға дейін өспек. «Атамекен» әлеуметтік салықты біртіңдеп түсіру, кейін толық бас тарту арқылы Еңбекақы қорына түсетін ауыртпалықты төмендетуді ұсынды. Осы жағдайда жиынтық ауыртпалықты 32% деңгейінде ұстап тұруға болады. Есептеулердің түрлі нұсқалары Ұлттық экономика министрлігі алаңында талқыланды», – деді Юлия Якупбаева.

Біздің пікірімізше, зейнетақылық жүйе реформасы шын мәнінде іске асырылуы үшін Жұмыс тобына келесі міндеттемелерді назарға алу керек:

 Бірінші, міндетті төлемдердің тұрақты аударымдары бойынша жұмыс беруші және жұмыскерге арналған ынталандыру тетіктерін әзірлеу;

Екінші, салымшыны өз зейнетақысын жоспарлауға деген қызығушылығы деңгейін арттыру;

Үшінші, минималды стандарттар мөлшерін қайта қарау, нақты еңбекақы төлемдерін есепке ала отырып, есептеулер жүргізу;  

 Төртінші, әлеуметтік қолдау институттары (БЗЖҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ) қызметін оңтайландыру;

Бесінші, халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып,  Еңбекақы қорына түсетін ауыртпалықты теңгерімдеу.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер