Индустриялық сертификат – қолдау және бизнестің жауапкершілігі
Индустриялық сертификатты беру тәжірибесіндегі олқылықтар және бизнеске арналған өзгерістер туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова айтты.
– Дана Бейсенқызы, әлеуметтік желілерде бизнес өкілдері арасында Ұлттық палата әзірлеген Индустриялық сертификатқа қатысты пікір-таластар байқалуда. Түсіндіріп беріңізші, Индустриялық сертификат дегеніміз не және ол не үшін қажет?
– Индустриялық сертификат – кәсіпорын өндірісінің барын растайтын құжат. Сертификат өндірістің номенклатурасы, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын куәландырады. Бсқаша айтқанда, Индустриялық сертфиикаттың болуы кәсіпорын «жалған» емес, шын мәнінде өндірісі қайнап жатқанының кепілі.
Бұл неге маңызды? Бұл кәсіпорындар арасында адал бәсекелестікті орнату тұрғысынан маңызды. Осыған дейін біз жалған кәсіпорындар отандық өндіруші ретінде «жасырынып» жеңілдіктер мен қолдау шараларын қолданғанын, мемлекеттік және басқа сатып алуларда жеңімпаз атанып, осы ретте өндірісінде бірде бір жабдығы болмаған ситуацияларға тап болғанбыз.
Индустриялық сертификатты беру – Ұлттық палатаның жаңа функциясы. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰКП туралы заңда бекітілді. Индустриялық сертификаттарды толықтай беру 2019 жылдың наурыз айынан бастау алды.
Өткен жылдың наурыз айынан бүгінге дейінгі кезеңде 238 Индустриялық сертификат берілді.
Соның ішінде жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарына 121 сертификат, жиһаз өнеркәсібіне – 29, машина жасау – 48, ІТ-саласы – 15, құрылыс – 15, химиялық өнеркәсіп – 13, медицина – 1, қағаз-целлюлоза –1 сертификат берілген.
Ауқымды түрде, біз отандық тауар өндірушілердің бірыңғай және расталған тізілімін қалыптастыруға ұмтылудамыз, осылайша республика деңгейінде шынайы өндірістік мүмкіндіктерімізді байқамақпыз. Сөзсіз, мұндай шара тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және қолдау шараларын әзірлеу үшін аса маңызды.
– Индустриялық сертификаттың артықшылығы қандай?
– Үкімет және Депутаттық корпустың қолдауы арқылы біз Индустриялық сертификат иелеріне айтарлықтай артықшылықтарға қол жеткіздік.
Осылайша 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап жеңіл өнеркәсібі және жиһаз өнеркәсібі тауарлары бойынша мемлекеттік сатып алулар тек қана Алдын ала біліктілік іріктеу арқылы іске асырылады, оны өту үшін Индустриялық сертификат қажет. Нәтижесінде, өткен жылдың екінші жартысында 4,3 млрд теңге көлеміндегі сатып алулар отандық тауар өндірушілер арасында ғана өтті.
Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсібі тауарлары бойынша 2,9 млрд теңгеге сатып алулар 39 тауар өндіруші арасында өтті, жиһаз өнеркәсібі бойынша – 1,4 млрд теңгеге 22 тауар өндіруші арасында өтті.
Тура осындай жұмысты біз басқа салалар бойынша жүргізуді көздеп отырмыз.
Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Индустриялық сертификаттың және СТ-KZ сертификаттың болуы «Самұрық-Қазына» холдингінің Отандық тауар өндірушілер тізіліміне қосылуға мүмкіндік береді, ал 2020 жылдың 31 наурызынан бастап – аталған тізілімге қосылуға Индустриялық сертификаттың болуы жеткілікті болады. Бұл отандық тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндік, өйткені Қордың жыл сайынғы тауарларды сатып алу көлемі 1,9 трлн теңгені құрайды.
Осы ретте Индустриялық сертификат – өндірістің барын растайтын, бірақ жергілікті қамту үлесі мен нақты партия немесе тауар бірлігінде шығу түбін анықтамайтын құжат екенін білген жөн. Демек, Индустриялық сертификат – СТ-KZ сертификатының баламасы емес.
Индустриялық сертификаты бар отандық тауар өндірушілерге деген артықшылық енді мемлекеттік қорғаныс тапсырысында да қарастырылған.
Бұдан бөлек, экспортты ілгерілету бойынша мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары, атап айтқанда жарнамаға, жәрмеңкелерге қатысуға, сауда алаңы мен қойманы ұстау, тауарды жеткізу, шетелде тауаржы сертификаттауға кететін шығындарды өтеу Индустриялық сертификаты немесе СТ-KZ сертикаты бар отандық тауар өндірушілерге ғана беріледі.
Сатып алуларға қол жеткізу үшін де, кәсіпорындардың технологиялық даму деңгейін талдау және осыған негізделген басқа қолдау шараларын әзірлеу мақсатында Индустриялық сертификатты қолдану аясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
– Қаржы жағы көтерілген болатын. Индустриялық сертификатты беру – ақылы ма?
– Мұны түсіндіріп өткен жөн. Индустриялық сертификатты беру екі кезеңнен тұрады:
1. Бейінді қауымдастықтың тағайындауымен Салалық сарапшы кәсіпорын жағдайына талдау жүргізеді; сонымен қатар,
2. Тауар, жұмыс және қызметті отандық өндірушілер тізілімін қалыптастыру және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы Индустриялық сертификатты беру.
Салалық қауымдастықтардың өтінімімен, салалық сарапшының бірінші кезеңдегі жұмысы 1 жұмыс күніне 10 АЕК немесе 26 510 теңге көлемінде ақылы негізде жүргізіледі. Сонымен қатар сарапшының ұшып келу-кетуі және келген өңірде орналасуы бөлек төленеді: шамамен 100-150 мың теңге. Нәтижесінде, егер орташа сараптама жүргізуге 7-10 күн жұмсалады деп есептесек, шамамен 200-400 мың теңге шығады.
Ұлттық палатаның нақты сертификатты беруі, яғни екінші кезең тегін жүргізіледі. Осылайша, ҰКП Индустриялық сертификатты беруде бір теңге де алмайды. Бұл ұйымның айтарлықтай шығындары, атап айтқанда Сертификаттаудың электронды жүйесін сүйемелдеу (жыл сайын 80 млн теңге), қызметкерлердің қосымша штатын ұстау (жыл сайын 110 млн теңге), верификация және аудит процедураларын жүргізу, сот процестеріне қатысу (жыл сайын шамамен 8 млн теңге) процедураларын есепке алуға қарамастан ұйымдастырылып отыр.
Осы ретте Индустриялық сертификатты алу үшін Міндетті мүшелік жарнаны төлеу талаптары бойынша түрлі мәселелер айтылып жатқанын көріп жатырмыз. Дұрыс емес түсініктерді тыю қажет.
Міндетті мүшелік жарна – Индустриялық сертификатты алуға төлем емес. Заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаға мүше ретінде міндетті мүшелік жарнаны төлеуге міндетті. Осы ретте ҰКП Съезінің шешімімен шағын бизнес жарна төлеуден 2022 жылға дейін босатылған. Осылайша, факті бойынша бизнес субъектілерінің небәрі 2%-ы ғана жарнаны міндетті төлеуге жатады.
Бұған қоса Индустриялық сертификатты алып үлгерген 238 кәсіпорын ішінен ширегі (58 компания) міндетті мүшелік жарнаны төлеуден босатылған.
– Индустриялық сертификатты беру қағидалары қалай әзірленді? Пікірлердің барлығы назарға алынды ма?
– Қағидаларды талқылау үш жыл бұрын басталған болатын. Осы мақсатта 50-ден астам жиналыс, дөңгелек үстел, бейнеконференциялар ұйымдастырылды. Әрине, аталған жұмысқа барлық мүдделі тараптар – бизнес, қауымдастықтар, мемлекеттік органдар жұмылдырылды.
Қағидалар өте ұзақ әзірленді, оның себебі соңына дейін принципшіл келіспеушілік орын алды.
Егер еске алсақ, Қағидалар жобасын талқылау кезінде негізгі мәселелердің бірі кәсіпорындардың технологиялық процесіне сараптаманы кім жүргізетініне қатысты болды. Қауымдастықтар олар салалық бірлестіктер ретінде сәкес мамандар мен сарапшыларға ие бола отырып кәчіпорындарға сараптама жүргізуге лайық екендерін алға тартты.
Нәтижесінде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау танытып, Қағидаларға – Қауымдастықтардың ұсынысымен салалық сарапшылар технологиялық процеске сараптама жүргізеді деген норма қосылды.
Индустриялық сертификатты беруде қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?
– Жоғарыда айтқанымдай, бүгінде Индустриялық сертфикат мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулары, сонымен қатар мемлекеттік қорғаныс тапсырысына енгізілді.
Индустриялық сертификаты бар компанияларға арналған тиімділік шын мәнінде айтарлықтай.
Осы ретте, Индустриялық сертификатты қолданудан отандық өндірушілерге арналған тиімділікті талдау барысында біз мемлекеттік сатып алуларға заңсыз қатысу және Индустриялық сертификаттың болуын асыра пайдалану ситуацияларына тап болдық.
Мәселен, жеңіл өнеркәсібі өнімін шығарушы ретінде Индустриялық сертификатты алған компанияның сатып алуларда жиһаз өнеркәсібімен айналысқаны жайында фактілер бар.
Бұдан бөлек, мұндай компаниялар сатып алуларға қатысып қана қоймай, байқауда жеңіске жетіп, тауар жеткізген.
Тағы бір мысал, жиһаз өнеркәсібінің кәсіпорны Индустриялық сертификат алып, Білікті жеткізушілер тізіліміне енген.
Алайда бұл компания орындықтарды сатып алуларда тауардың шығу елі ретінде Украина Республикасын белгілеген. Бұл жайт Индустриялық сертификатты сатып алуларда қолдану мақсатына сәйкес келмейді. Электрондық қаржы орталығымен мемлекеттік сатып алуды бақылау бойынша бірлескен жұмыс аясында біз бұл фактіні анықтадық. Содан кейін олар формат пен логистикалық бақылауды құру арқылы Мемлекеттік сатып алу порталын қайта қаруды ұсынды.
Сонымен қатар Қаржы министрілігімен Алдын ала біліктілік іріктеуі әдісімен алынатын тауарды жеткізгенде СТ- KZ сертификатын ғана беру туралы нақты талаптар белгілеу бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру Қағидаларына өзгерістер енгізу әзірленуде.
– Индустриялық сертификатты беру қағидаларына өзгерістер неліктен енгізілуде? Бұл өзгерістер не береді?
– Индустриялық сертификатты берудің жартыжылдық практикасы сертификатты берудегі олқылықтарды анықтады.
Түйткілді мәселелер сертификатты берудің бірінші кезеңінен-ақ анықталды, яғни салалық сарапшыны таңдаудан бастап салалық сараптама қорытындысын алуға дейін. Олардың негізгілерін атап өтуге болады.
Біріншіден, бұл салалық сарапшылардың тапшылығы, әсіресе өңірлердегі аздығы.
Бүгінде, мәселен Қазақстан машина жасаушылар одағы сараптама жүргізуге небәрі 6 сарапшыны бөлген. Осы ретте Қазақстанда машина жасау саласында 2,2 мың кәсіпорын бар. Демек 1 сарапшыға 375 компаниядан келіп тұр!
Тура солай жеңіл өнеркәсібінде, 1030 компанияға небәрі 15 сарапшы келеді, ал жиһаз саласында – 905 компанияға 7 сарапшы ғана келіп тұр.
Салалық сараптаманы жүргізуде сарапшылардың жетіспеуі кәсіпкерлер үшін кедергі болды. Сондықтан, бизнестің пікірін есепке ала отырып, біз Қағидаларда әр өңірден ең кемі 1 сарапшыдан белгілеу бойынша талапты қосуды қажет деп санаймыз.
Екіншіден, бұл өндіріс жағдайына талдау жүргізудің нақты салалық критерийлердің болмауы. Мәселен, салалар резервінде кодтар бойынша қызметтер түрлерін жіктеу жоқ, кәсіпорындардың мөлшерлемесі – шағын, орта, ірі деп бөлудің градациясы жоқ. Осылайша, барлығы салалық сарапшының субъективті бағалауына келіп тіреледі, онда белгілі тәуекелдер бар.
Осыған байланысты, біз өндірістердің жай-күйін талдау критерийлерін әр сала бойынша Қауымдастықтардың бекітуін талап етеміз, мұны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және ҰКП мақұлдауы керек.
Айта кетелік, қазіргі таңда Қазақстанның жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің қауымдастығы – осындай критерийлерді әзірлеген жалғыз салалық бірлестік, ол Индустриялық сертификатты беру механизмін жетілдіру бойныша құрылымды позицияны білдіріп отыр.
Өкінішке қарай, қалған салалық қауымдастықтар аталған мәселеде белсенділік танытпауда.
Үшіншіден, қауымдастықтардың салалық сарапшыларды тартуы немесе алып тастауы, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылын реттеу туралы нақты ереженің жоқтығы.
Бүгінде тіпті біліктілік талаптар, аттестаттау және кандидаттарды бекіту процедуларды бекіту жоқ. Қауымдастықтар, бұзушылықтар үшін айыппұлдар, есептілік, сарапшы қызметін бақылау механизмдері қалыптаспаған.
Төртіншіден, қауымдастықтар мен сарапшылардың Индустриялық сертификат алуға өтініш берушілермен өзара әрекеттесу процесі реттелмеген. Яғни, сараптаманы жүргізу мерзімі мен тәртібі, төлем сомасы анықталмаған.
Осы мәселелерді шешу үшін, Қатысушы тараптар жауапкершілігінің ашықтығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін біз барлық қатысушыларды механизмге қосумен бүкіл бизнес-процесті автоматтандыруды, сонымен қатар жұмыс кестесін, жауапкершілікті, біліктілікті, мерзімдерді, жұмыс орындамағаны үшін айыппұлдарды және т.б. көрсететін электрондық үлгі шарттарын енгізуді ұсынамыз.
Бесіншіден, қазіргі таңда Индустриялық сертификатта ТЖҚ БНА (Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы) кодтары көрсетіледі. Алайда ТЖҚ БНА кодтаудың мемлекеттік жүйесі емес, статистикалық және түбегейлі анықтамалық болып табылмайды. Жаңа кодтар күндектілі құрылуы мүмкін.
Сәйкесінше, мәселен, сатып алуларда қатысу үшін бизнесе Индустриялық сертификатқа кодтаудағы әрбір кішігірім өзгеріс үшін немесе әр жаңа кодты қосқаннан кейін өзгерістер енгізуге тура келеді. Бұл шығынды негізсіз жайт. Сондықтан біз Индустриялық сертификаттан ТЖҚ БНА кодтауды алып тастауды ұсынамыз.
Бұдан бөлек, Қағидаларда басқа да өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған:
-Индустриялық сертификатты беруде бұзушылықтарды анықтау мақсатында ҰКП орталық аппараты тарапынан камералдық бақылау;
-салалық сарапшыларға біліктілік талаптарды күшейту;
-сарапшылар, қауымдастықтар және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының жауапкершілігін күшейту.
Айта кеткен жөн, Индустриялық сертификат – Қазақстанның өндірушілерге қолдау шараларының нақты құралдардың бірі. Үкімет аталған мәселелер бойынша нақты шаралар қолдануда.
Бірақ кәсіпкерлер мен салалық бірлестіктер аталған жұмыстың жауапкершілігін түсінгені маңызды, өйткені отандық тауар өндірушілерге үлкен бюджеттік қаражатпен мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік беріледі. Өткен жылдың 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткендей, кері міндеттемелерді де ұмытпаған жөн, сондықтан ҰКП және тұтастай бизнес Үкіметтің бастамасына қолдау көрсетіп, өз міндеттмелерін орындауы керек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: