«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП Аппараты жетекшілігіне Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі тағайындалды

2020 жылғы 13 Қаңтар
8522 просмотров

2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов (33) Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа топ-менеджері қатаң байқаудан (1 орынға 40 үміткерден астам) өтіп, Қазақстанның үздік 300 басқарушының легіне енді. 

Білім мен біліктілікті негізге алып, сонымен қатар ҚР Президентінің бастамасын қолдай отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығы Нұралы Бөкейхановты ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындады. 

 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару магистрі атанды. «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты. 

Өзінің еңбек қызметін Нұралы Әлімұлы жеке сектордан  бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді. Нұралы Бөкейхановтың шетелдегі жетекші орындарда алған білімі, қытай және ағылшын тілдерін жетік білуі оның димломатиялық қызметке кәсіби деңгейде,  терең араласуға мүмкіндік берді. Ол қатардағы сарапшыдан жоғары буынның жетекішілігіне дейін жеткен білікті маман. 

Жас топ-менеджердің алдында Digital Atameken тұжырымдамасын іске асыру – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметін цифрлық платформаға ауыстыру міндеті тұр. Еске салсақ, 2019 жылдың қазан айында аталған тұжырымдаманы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі бекітті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер