«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2019 жылы бизнестің Топ-10 мәселесі

2020 жылғы 10 Қаңтар
12236 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүддесі мен құқықтарын қорғайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында осы жылы жиі келіп түскен өтінімдерге сәйкес кәсіпкерлердің оң шешім тапқан 10 мәселесіне іріктеу жүргізді

Рецептерді дұрыс жазамыз

Мәселе мынадай жағдайдан өрбіген, заңнамаға сәйкес 2019 жылдың 5 мамырынан бастап барлық рецептердің сақтау мерзімі үш жылды құрауы керек. Демек, барлық дәрі-дәрмектерге рецептілер дәріханада қалып, сонда осы кезең бойы сақталуы керек.

 Қарапайым талап, ол неге орындалмады?

Өйткені, дәрілердің толық құнына рецептілерді жазу және олар бойынша дәрі-дәрмектерді берудің электронды ақпараттық жүйесі әлі енгізілмеген. Оның үстіне қағаз бетінде жазылған рецептілерді үш жыл бойы сақтау орын мен бақылауды талап етеді. Бұған қоса пациенттер де өз рецептілерін қайтарып беруді сұрайды, өйткені дәрігер рецептіде дәрі-дәрмек атауын ғана емес оларды дұрыс қабылдау туралы ақпаратты қоса жазады.

 Дәріханалар рецептілерді жинап, сақтайтын болса да, бұл жаңашылдыққа дәрігерлердің өздері дайын емес. Көп жағдайда дәрігерлер рецептілерді жазу талаптарын ұстанбайды, электронды нұсқаны айтпағанда белгіленген үлгідегі бланкілерді қолданбайды.

 Бұл ситуация «Атамекен» сарапшыларының атсалысуымен шешілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтаудың қағидаларын бекіту туралы» №373 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

 Банк кепілдемесін беріңіз!

 Келесі проблема ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген қағидаларға қатысты. Шаруа немесе фермер қожалығы, ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге уақытша ақылы жер пайдалану құқығын беруге арналған байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне  құжат тапсыру кезінде банктік кепілдеме талаптары немесе тендерге қатысуға құжаттарды тапсыру кезінде тартылған инвестиция көлемін растайтын қаржы институтының несие комитетінің оң шешімі кірді.

Бірақ осы ережелерде байқау өтінімі мазмұнына талаптардың белгіленген тізімін қарастыратын тармақша ешқандай банк кепілдемесін қарастырмайды.

 Бұдан бөлек,  ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан қағидалар (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1926392) жобасында да аталған талап болмаған.

Егер ҚР Жер кодексіне сәйкес тиісті келісімшартты жасау бойынша міндеттеменің болуы қарастырылған болса, демек әзірлеушілер көздеген мақсат түсінікті емес.

 Осы ретте аталған ережелерде екі немесе одан да көп байқау ұсыныстардың балдары бірдей болса, байқау жеңімпазы болып тартылатын инвестициялар көлемін көрсеткен, банк кепілдемесін растайтын қатысушы анықталады делінген.

Демек, аталған нормалар бір-біріне керағар.

 Кәсіпкерлер банк тарапынан кепілдеме беруден бас тарту проблемасына жиі тап болады, өйткені заңнамаға сәйкес кредитор борышкер сияқты міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған тұрақсыздық айыбы, сыйақы (мүдде) сомаларын, қарызды өндіріп алу бойынша сот шығындарын және кредитордың басқа да шығындарын қоса алғанда, кредитор алдында жауап беруге міндетті.

 Осылайша, кәсіпкер жалға алу кезінде  бірқатар әкімшілік кедергіге (кепілдеме беретін банкті іздеу), қосымша міндеттемелерді қабылдауға тап болуы мүмкін

 Ситуацияны енгізілген өзгерістер реттеді. Әлеуеттік қатысушылардан банк кепілдемесін немесе қаржы институты несиі комитетінің оң шешімін сұрау бойынша негізсіз талаптар алынып тасталды. Сондай-ақ байқауға қойылған жер телімдері тізімін құру мерзімі анықталды.

 Біз адал бәсекелестікті қолдаймыз

Біраз артқа шегінсек. 2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 1,8 мың километрге 8 жоба бойынша автожолдар салу жұмыстары жүргізілді, 767 километр қайта жөнделді. 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалпы ұзақтығы 4,4 мың километр 22 автожол жобасы жүзеге асырылды.  

2018-2020 жылдар кезеңінде 23 жоба бойынша реконструкция қарастырылған, онда жолдар ұзындығы 4,7 мың километрді құрайды, және автожолдарда жөндеу жұмыстары шамамен 7,5 мың километрде көзделген.

Жобаларды іске асыруға Ұлттық қор, республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы институттары тізбесі бойынша 300 млрд теңге қарастырылған.

Осындай шығындар мен күш-жігерді назарға алғанда Қазақстан Республикасындағы көлік құралдарының салмақты жүктелуіне қойылатын барлық талаптар жол төсемі мен жолдардың қауіпсіз пайдаланылуына бағытталуы керек екені түсінікті. Ал жүк көлемі асып кеткен автокөліктер (халық тұтынатын тауарлар, инертті материалдар, құм, қиыршық тас, цемент және т.б.) автожолдармен арнайы рұқсат алып және алым сомасын төлеп жүре беруі түсініксіз.

 2013-2017 жылдары ауыр салмақты және ірі габаритті жүкті тасымалдауға берілген 182 595 арнайы рұқсатқа шамамен 12 млрд теңге алынған. Осы ретте 2014-2017 жылдары жолдарды қалыпқа келтіруге байланысты жөндеу жұмыстары 80 млрд теңгеге жасалды.

 Байқап қарасақ, бір қолмен алсақ, екінші қолмен екі есе көп беріп жатырмыз ба? Арнайы рұқсат үшін төлем құны реконструкция мен жолдарды жөндеуге кететін шығынды өтемейді.  

 Автожолдарды сақтау және халықты сапалы жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мақсатында ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру осьтік жүктілікті асырмаусыз «бөлінбейтін» жүкке ғана беру ұсынылды. Бөлінбейтін жүк – тұтынушылық қасиеттерді жоғалтпай және бүліну қауіпінсіз екі немесе одан да көп бөліктерге бөлуге болмайтын жүк.

Бұл ұсыныс ситуацияның шешімі деп танылып, қабылданды. 

Аванс берілмейді

ҚР Энергетика министрлігінің үлгілік келісімшарттарына сәйкес сумен жабдықтау мен жылумен жабдықтау үшін төлем нақты тұтынылған көлем үшін ғана жасалады, яғни алдын ала төлем жүйесі жоқ. Алайда энергия ресурстарына төлемге қатысты ситуация түсінікті емес. Мәселен, «МАЭК-Қазатомпром»  ЖШС және «ҚазГазТрансАймақ» АҚ монополистер энергияны жеткізуге келісімшарттар жасағайды, онда аванстық төлемдер туралы пунктер бар.  Қазіргі таңда Маңғыстау облысында бизнестің субъектісі монополистерге аванстық төлемдерді уақтылы жасай алмайды. Осы ретте оған үнемі жарық және жылыту жүйелерін кесіп тастауға қатысты хабарламалар келеді. Мәселе тез шешімін тапты. Осы ретте ҚР Энергетика министрінің «ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек сату және пайдалану ережелерін бекіту туралы» №96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен тұрмыстық және коммуналды-тұрмыстық тұтынушыларға (ШОБ) газ жеткізуге аванстық төлемдер алынып тасталды, газ көлемінің жетіспеуі және асыра пайдалануға үшін айыппұлдар алынып тасталды.

 Жертөлелердегі қоғамдық тамақтану орындары

Бесқабатты тұрғын үйдің жер төлесінде орналасқан сыйымдылығы 48 орынға дейінгі жеке кафесі бар кәсіпкер  заңдағы даулы жағдайға тап болды.

Кереғар жағдай 2017 жылы тұрғындардың шағымдарына байланысты жоспардан тыс тексеру нәтижесінде өкілетті орган ғимарат ішіндегі төбе астында, қабырғаларда ішкі кәріз желісіне төсенішті болдыртпау, сондай-ақ ас залдарында, өндірістік орынжайлар және тамақ өнімдері тұратын қойма орындарында транзитті су құбырлары магистралінің болмауына қатысты бұзушылықтарды анықтаған.

Өндірістік орынжайлар және қоймаларда канализациялық тұғырларды қуат көзі объектілерінің тұрмыстық орынжайлары арқылы тексерусіз сылақ жасалған қораптарға орнатады.

 Осы ретте ережелерде қуат көзі объектілерін бөлек тұрған және жаңама салған ғимараттарда да, сондай-ақ тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға кіріктірілген орынжайларда да, сонымен қатар ғимараттардың бірінші, жертөле қабаттарында орналастыруға рұқсат беру қарастырылған.

 «Атамекен» ҰКП және ҚР ҰЭМ өкілдері арасындағы өткізілген кездесулер барысында аталған проблеманы арнайы жұмыс тобы шеңберінде қарау туралы келісімге қол жеткізілді.

 «Атамекен» ҰКП-ның ұсыныстары қолдау тауып, Денсаулық сақтау министрінің «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерін бекіту туралы бұйрығы жобасына енгізілді. Бұйрық заңды күшіне енді. Нормативтік-құқықтық актілердегі қайшылық толық мөлшерде шешімін тапты.

 Есепке алынбадыңыз!

ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалардың тамақтануымен байланысты тауарларды сатып алу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу қажет.

Не үшін?

 Түсіндіре кетелік: тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет немесе тауарлар жеткізушісін таңдау бойынша байқауға қатыса отырып, кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану саласында жұмыс тәжірибенің болмауы себепті есепке алынбауға тап болған.

Екі немесе одан да көп әлеуетті жеткізушілер байқауға жіберілген жағдайда, стандартты байқаулық құжаттамаға сәйкес таңдау критерийлері қолданылады.

 Осы жағдайда неғұрлым көп балл жинаған және жақсы шарттар ұсынған байқау қатысушысы жеңімпаз болып танылады. Осы критерийлер байқау нысаны болып табылатын қызмет-тауар нарығында жұмыс өтілі болуы қарастырылған, яғни білім беру саласында қызмет (тауар) көрсететін субъектілерге таңдау жасалады.

 Осылайша қоғамдық тамақтану саласында көп жылдық тәжірибесі болса да, өтініш берушінің болашақта басқа нарық субъектілерімен бәсекелесуге мүмкіндігі жоқ, бұл ары қарай бәсекелестікке қарсы іс-қимыл жасауы мүмкін жағдай.

 Пробелманы шешу үшін сәйкес өзгерістер орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру ережелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу ережелеріне енгізілді.

 Енді байқауға екі немесе одан да көп әлеуетті жеткізуші қатысса, онда неғұрлым көп балл жинаған қатысушы жеңімпаз танылады. Егер байқауда барлық талаптарға сай келетін бір ғана әлеуетті қатысушы қатысса, онда ол жеңімпаз атанады.

 Және үшінші жағдай, әлеуетті жеткізушілер бірдей балл жинаған болса, жеңімпаз болып нарықта тәжірибесі бар қатысушы болады.

Бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс өтілі әрі жинаған баллы тең болса, байқауға өтінімді бірінші жіберген қатысушы жеңімпаз атанады.

 Тариф белгілеу – күн тәртібінде

Табиғи монополиялар туралы заңда сараптамалық кеңестің жұмыс істеу тәртібі реттелмеген, оның мәртебесі мен өкілеттіктері анықталмаған. Заңға сәйкес сараптамалық кеңесті құру және оның ережелерін бекіту өкілетті орган (монополияға қарсы) құзіретіне жатқызылған.

 Сараптамалық кеңес – кеңес беру-ақылдасу органы ғана болып табылады, ал ол қабылдайтн шешімдер ұсынылмалы сипатқа ие. Іс жүзінде отырысқа кеңес мүшелерінің жартысының келуі, яғни мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілмеген, бұл осы кеңестің формалдылығын көрсетеді.

 2019 жылыдң 14 қаңтарында табиғи монополиялар туралы жаңа заң күшіне енді. Тарифті беліглеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заң аясында жаңа құрылым – табиғи монополиялар саласында мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстарды талқылау және қорыту бойынша өкілетті орган жанында кеңес беру-ақылдасу органы ретінде Тариф саясаты жөнедегі кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық бірлестіктер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастықтары, табиғи монополиялар, сарапшылар және басқа да мүдделі тұлғалар кіруі мүмкін.

 Тариф саясаты жөнедегі кеңес табиғи монополиялар салаларында тарифтерді белгілеудің проблемалық мәселелері бойынша комиссияларды құруға құқылы. Тариф саясаты жөніндегі кеңес туралы ережені және оның жеке құрамын өкілетті орган бекітеді.

Сонымен қатар Заңда Қоғамдық бірлестіктердің қызмет етуі регламенттелген, олардың тарифтік саясаттағы рөлі тұтынушылардың мүддесін білдіру және құқықтарын қорғау, табиғи монополиялар туралы заңнаманы талқылауға, тарифтер мен инвестициялық бағдарламалардың жобаларын қарауға қатысу болып табылады.

 Қоғамдық бірлестіктер уәкілетті органның тарифтер мен инвестициялық бағдарламалардың жобаларын, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі және табиғи монополиялар көрсеткіштерінің қол жетімділігі туралы есептерін қарауға қатысады.

Осы ретте тарифтерді бекіту, сондай-ақ Кеңестің бекітілген тарифтік сметаларының орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі, сондай-ақ табиғи монополиялар қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерінің талдауы – бұл заңға сәйкес өкілетті органның құзыреті.

 Қауіпсіз туризм

Туроператорлар және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға қатысты заңнамада сақтандыру жағдайы сақтанушыға келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден басталды деп саналады. Немесе сақтандырушының туристің келтірілген зиянды өтеу туралы талабын растауы.

 Сақтандырушы, мына жағдайда компания осы пунктің негізінде сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы растағанын растамайды, яғни, мәселен турфирма туристің келтірілген зиянды өтеу туралы талабын растамай, сот шешім талап етуі, алайда заңда «немесе» деп жазылған.

 Сол кезде турфирмаларға туристке келтірілген зиянды өтеуді растау туралы соттың ұзақ процедурасын өтуге тура келеді. Осыған қоса негізсіз қаржы шығындары болады. Осыдан кейін сақтандыру жағдайын растау және сақтандыру төлемдерін алу үшін сотқа компанияның өзін беруге тура келеді. Осы ретте қайтадан шығындалып, алтын уақыты жоғалады. Заң барлық турфирмаларды туристер алдында өз жауапкершілігін сақтаныдруды міндеттеді, оларда таңдау жоқ.

 Демек, олар мұны сотта не үшін дәлелдеуі керек, ал сақтандырушылар  турфирмаларға сақтандыру төлемдерін жасауға бас тартып, осы жайттан негізсіз пайда тауып отыр. Түсініксіз.

 Алайда, 2019 жылдың 1 қаңтарында шетелге шығатын әр туристті міндетті сақтандыру (туроператор және турагенттің азаматтық-құқықтың жауапкершілігін сақтандыру орнына енгізілді) күшіне енді. Минималды міндетті пакетке төтенше жағдайлардан сақтандыру және медициналық сақтандыру кіреді. Бұдан бөлек қазіргі таңда ҚР Ұлттық банкі және сақтандыру нарығы туроператор және турагенттің азаматтық-құқықтың жауапкершілігін ерікті сақтандыру ретінде сақтандыру өнімін әзірлеу мүмкіндігін қарауда. Туризм нарығы қажетті сақтандыру өнімі ретінде сыртқа шықпай (ұшпай қалу) қалуды сақтандыруды  айтатын болсақ, сақтандыру компаниялары сақтандырудың бұл түрін ерікті негізде ұсынады.

Осылайша, қазіргі таңда көшпелі және ішкі туризмді жүзеге асыратын туроператорлар енді қымбат тұратын азаматтық-құқықтың жауапкершілігін сақтандыруды рәсімдеуден босатылды.

 Бағалардың төмендеуі де проблема

 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алуларға қатысатын әлеуетті жеткізушілерге тиісті қамтамасыз ету шартында бағаны шексіз төмендету құқығы берілген.

 Байқауларды өткізу практикасы демпингке қарсы шаралар жеке жеткізушілерге бағаны төмендетуге және сәйкесінше ең төменгі баға ұсыну арқылы байқауда жеңуге мүмкіндік береді. Бұл жайт сапасыз қызмет тәуекелдігін жоғарылатып, адал бәсекелестік принципін бұзады.

 Мынадай мысалды айта кетелік, құрылыс саласында техникалық қадағалау бойынша байқауда бағалық ұсыныста 1 теңге көрсеткен жеткізуші жеңіске жеткен, осы ретте сатып алуларға 23 млн теңге бөлінген.

 «Атамекен» ситуацияны зерттеп, арнайы жұмыс жүргізіп, өзгерістердің енгізілуіне қол жеткізді. Осылайша, мемлекеттік сатып алу ережелерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алулар туралы заңның 26-бабына демпингтік бағаларды ұсынуға тыйым салу бойынша өзгерістер енгізілді. Ережелерде де демпинг шектері белгіленді.

 Дөңгелек үстіндегі бизнес

 Ұзақ уақыт бойы «дөңгелектегі бизнес» деп аталатын   көшпелі сауда саласындағы кәсіпкерлікті дамытуда проблема болды.

 Мұдай бағыт Қазақстанда жоқтың қасы, ал халықаралық тәжірибені зерттеу мұндай бизнес Еуропа мен АҚШ-та жақсы дамығанын көрсетеді. Кәсіпкерлер жүк көліктер мен автобустарды жалға алады, оларды қайта жабдықтап, адамдарды тамақтандыруға көшелерге шығады, дөңгелек үстіндегі бизнес сату орнын ауыстырып отыруға ыңғайлы. Еуропалық елдер және АҚШ-та жүздеген және мыңдаған фургон-мейрамхана қызмет көрсетеді.

 Қоғамдық тамақтанудың мобильді нүктесін кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар бастауыш кәсіпкерлер де ашады.

Осыған дейін ҚР заңнамасының нормалары мұндлай бизнесті ашуға мүмкіндік бермейтін.

Неліктен?

Кедергілерді санитарлық нормалар, өрт қағидалары және ашуға рұқсат алу қажеттілігі келтірген.

Міне, уақыт өте келе «дөңгелек үстіндегі бизнеске» қойылған кедергі алынып тасталды, нақтырақ айтсақ, сауда павильондары мен азық-түлік сауда орындарына арналған көлік құралдарын және тіркемелерді қайта жарақтандыруға рұқсат берілді. Кеден одағының «Қауіпсіз дөңгелекті көлік құралдары туралы» техникалық регламентіне сәйкес бұл өзгерістер көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікке енгізіледі.

 Бұдан бөлек, 2019 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда  жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарға және жергілікті атқарушы органдардың сыртқы сауда бағыттарын ғана емес, сонымен қатар сыртқы сауда бағыттарын бекіту бойынша функционалдығын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу қарастырылған.

 Осылайша, ішкі сауда субъектісі көшпелі сауданы республикалық мәндегі қалалар, елорда, аудандар, облыстық қалалардың жергілікті атқарушы органдарының анықталған  арнайы белгіленген орындарда және (немесе) маршруттарда жүзеге асырады. Осы ретте ішкі сауда субъектісі сауданы белгіленген маршруттың кез келген нүктесінде жүргізе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер