«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай және Үндістан азаматтарына визасыз режим бойынша қызмет көрсететін отандық халықаралық әуежайлардың тізімі кеңейтілді

2020 жылғы 09 Қаңтар
4902 просмотров

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстанға иммигранттардың келіп, орналасуы қағидалары және көші-қон бақылауын жүзеге асыру қағидалары, сондай-ақ республиканың шекарасын заңсыз кесіп өткен, Қазақстан аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы күшіне енді

Қазақстанға визасыз кіру, елде болу және кетудің  72-сағаттық режимі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларындағы халықаралық әуежайлар арқылы транзитпен ұшатын Қытай Халық Республикасы және Үндістан Республикасының азаматтарына арналған.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Open Sky» режимін енгізу жөніндегі жол картасы жобасын әзірлеуде ҚХР және Үндістан Республикасының транзитпен ұшып келетін азаматтарына Қазақстан Республикасына келу, болу және кетудің 72-сағаттық визасыз режимін қолдану бойынша халықаралық әуежайлар тізбесін кеңейтуді ұсынды.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның 11 әуежайында «ашық аспан» режимін енгізді, оған сәйкес рейстер бойынша шектеулерді алып тастау және шетелдік авиакомпанияларына отандық авиатасымалдаушылар жүрмейтін бағыттар бойынша «бос әуе кеңестігінің» 5-дәрежесін беру қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер