ДСҰ шеңберінде Қазақстанның тауарларды алып тастау тізбесін кеңейту
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап ЕЭК Кеңесінің №109 шешімімен ЕЭК Кеңесінің 2015 жылдың 14 қазанындағы «Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан анағұрлым төмен кірме кедендік ставкаларды және сондай баж ставкалардың мөлшерін қолданатын тауарлар тізбелері туралы» №59 шешіміне енгізілген өзгерістер күшіне енетінін хабарлайды
Еске салсақ, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі ретінде бірқатар тауарларға қатысты кірме кедендік баж ставкаларын төмендету бойынша міндеттемелерді алды, аталған тауарлар бойынша баж мөлшері Алып тастау тізбесін кеңейту арқылы жыл сайын төмендетіледі.
2020 жылы аталған алып тастау тізбесі қосымша 401 позициямен толығады және ЕАЭО тауарлық номенклатураға сәйкес 3317 аталымнан (қосымша берілген) құралатын болады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді келесі жайттарға назар аударуды сұрайды, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше ретінде Қазақстан Алып тастау тізбесіне енген тауарлардың бақылануын қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар елге төмендетілген ставкалармен әкелінген тауарлардың сыртқа кетуіне жол бермей, ДСҰ ставкалары бойынша әкелінген тауар Қазақстан аумағында ғана қолданылатынын есте сақтауы тиіс.
Сондықтан тауар кейін Қазақстан территориясынан Одаққа мүше мемлекеттерге шығарылуға жоспарланған болса онда ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі ставкалары бойынша оған кедендік тазалау жүргізу қажет. Осы ретте ҚР территориясына ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша әкелінген Тізбедегі тауарларды шығарудың міндетті шарты расталған тауаржөнелту құжаттың болуы сұралады.
Сұрақтар болса «Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне хабарласуды сұраймыз: (7172) 919 300
Пікір қалдыру:
Пікірлер: