«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО-да жас кәсіпкерлерге арналған HUB құрылды

2019 жылғы 30 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8187 просмотров

Солтүстік Қазақстан кәсіптік дайындау және сервис колледжі жанынан HUB құрылды, онда жалпы білім беретін және түзету мектептерінің түлектерін кәсіпкерлік негіздеріне кәсіби дайындау іске асырылады. Оқу ордасына бизнес-инкубаторды құруға өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмектесті

 «Алтын арман» базарында Солтүстік Қазақстан кәсіптік дайындау және сервис колледжінің студенттері қолданбалы өнердің көрмесін өткізді. Жаңа жыл қарсаңында студент сатушылар кәдесыйларды өздеріне және жақындарына алуға ұсынды. Мұнда қолөнердің түр-түрі, тіпті табиғи бал да сөрелерге қойылды. Барлық бұйымдарды студенттер мен арнайы мектептің оқышулары жасаған. Өз бұйымдарын екінші курс студенті Евгения Яковлева да таныстырды.

 «Мен тігіншіге оқып жатырмын, жәрмеңкеге шешілетін жаға, түрлі ойыншықтар, косметичкалар, мектеп заттарына арналған пенал дайындап әкелдім. Сонымен қатар коррекциялық мектептің балалары да өз қол еңбектерін беріп жіберді. Сатылым аяқталған соң түскен ақшаны балаларға береміз. Сондықтан сұранысқа ие бұйымдарды әкелуге тырыстық. Сұраныс, маркетинг жайында білеміз, өйткені тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатыстық», – деді студент.

 Аталған жәрімеңкеге жастарға арналған HUB-тың алғашқы қадамы ғана. Бұл бизнес-инкубатор колледж базасында желтоқсан айынан іске қосылды. Бұл балалар кәсіпкерлік негіздерін игеріп, нәтиже шығара бастаған кез.

 «Біз студенттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы білім деңгейін көтеру, тәжірибе алмасу үшін келіссөз алаңдарын құру және HUB қатысушыларымен тиімді өзара әрекеттесуді дамыту сияқты міндеттерді алдымызға қойдық. Біздің бизнес-инкубатордан кәсіп бастауға дайын жастар шығады деп сенеміз», – деді колледждің кәсіпкерлік жөніндегі шебері Светлана Пуянаускене.

 Қараша айында   Светлана Пуянаускене Лондонға барып, бизнес-инкубатор ашу бойынша білімін жетілдіріп келді. Ал жаңа жылдың ақпан айында Ұлыбританиядан келген сарапшы HUB ұйымына баға беріп, сондай-ақ жергілікті жерде көмек көрсетеді. Орталықты ашуда ӨКП үлкен қолдау көрсетті. Ары қарай палата сарапышлары шеберлік сабақтары, тренингтер, бизнес кездесулер бойынша қолдау көрсетуге дайын.

«Ұлыбританиядан сарапшы келген уақытта он күн ішінде біз кәсіпкерлік HUB ұйымдастырдық. Оның өзгешелігі біз ерекше қажеттілігі балаларға арнап басымдық жасаймыз. Біз оларға өз білімдері мен дағдыларын еңбек нарығында сатуға ғана емес, сонымен бірге өмірлерінде сенімді жүріп өту үшін өз бизнестерін ашуға да үйреткіміз келеді. Топтық жұмыс өте жақсы құрылған. Болашақта біз басқа кәсіпкерлер сияқты Өңірлік кеңес пен Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің мүшелерін тартуды жоспарлап отырмыз. Олар кәсіп ашқысы келетін балаларға тәлімгер болады. Біздің бизнес тренерлеріміз бен кеңесшілеріміз балаларға теорияны ұсынады», – деді СҚО ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.

Айта кетелік, HUB жұмысына қала және облыстағы басқа да мектептердің оқушылары қатыса алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер