«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандықтар демалысты елде өткізуге неге дайын емес?

2019 жылғы 30 Желтоқсан
9086 просмотров

Швейцарияның тау-шаңғы курорттарында демалуды үйренген қазақстандықтар Бурабай және Шымбұлақты таңдауға неге асықпайды? «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халық арасында сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың пікірін білді

Сауалнамаға қатысқан 445 адам  туристік бизнеске күшті қайда бағыттауға қажеттігін білуі үшін туристік өңірлер және маршруттарды анықтауға көмектесті.  

 Осылайша сауалнамаға қатысқандардың 52%-ы жазғы демалысты жақсы көреді. Шана-шаңғы мен қарлы жоталар қазақстандықтардың 14%-ына ұнайды, сұралғандардың 8%-ы маусымаралық (күз, көктем) демалысқа дауыс берді. Ал 18-%-ға қай кезде демалу маңызды емес.

 Ал қазақстандықтар естіген демалыс аймақтары жайында жауаптар түрлі болды. Ең танымалы «Бурабай» курорты болып шықты – 18%. Алакөл көлін 15%-ы, Нұр-Сұлтан қаласын – 14%-ы таңдады. Балқаш көлі және Алматы өңірінің тау аймағын сауалнамашылардың 12%-ы таңдаған.

 Туристік орындарды білмесе де сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 24%-ы демалысын Қазақстанда өткізуге дайын. Ал қалған сауалнамаға қатысушылардың үйде демалғысы келмейтінінің себебі түрлі.

 Көрсетілген басты себеп дамымаған инфрақұрылым болды. Осылайша сауалнамаға қатысушылардың 13%-ы көп өңірде қонақүйлер, кафе, қоғамдық тамақтану, дәретханалар саны тапшы деп атап өтті. Тағы 11%-ы көрсетілген сервиске көңілі толмайды, сондықтан таңдау шетелдік демалысқа түседі. Тағы 10%-ы қымбат авиабилеттер мен сапасыз жолдарды тілге тиек етті.

 Сауалнамаға қатысушылардың 7%-ы ақпараттың аздығы және нашар көліктік қатынасты мысалға келтірді. Ал небәрі 6% қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты демалысқа бармайтындарын айтты.

 Сауалнама нәтижесі көрсеткендей туристік нарықтың «төмендеп кетпеуі» үшін бизнес-қоғамдастық және мемлекет инфрақұрылым және сервис дамуына назар аударуы керек. Операторларға өз өнімдерін түрлі платформаларда таныстырып, таратуды қолға алған абзал. Осындай шара арқылы турист өнімді онлайн таңдап, төлем жасай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер