Ұшақ апатында қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына көңіл айту
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 27 желтоқсанда Алматы қаласы маңында ұшақ апатында қаза тапқан жолаушылардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады
Ұлттық палата басшылығы қайғылы сәтте қайтыс болған жандардың отбасыларына бекем болуларын, сондай-ақ апаттан аман қалған жолаушылардың тезірек сауығуларына тілектестік білдіреді.
2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air авиакомпаниясының № Z2100 рейстегі ұшағы Алматыда әуеге көтерілу кезінде апатқа ұшырады. Әуе кемесі ішкі рейсті орындаған, бортта 100 адам болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: