Қазақстан жеңіл өнеркәсіп көлемін екі есеге арттырмақ
11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі өндірушілерінің алғашқы съезі өтті. Отандық өндірушілер саланы дамыту жолдарын талқылау және ағымдағы мәселелерді шешу, сонымен қатар құрамына 100-ге жуық компания енген «Qaz Textilе lndustry» жеңіл өнеркәсібінің өзін-өзі реттейтін алғашқы ұйымын құру мақсатында бір алаңға жиналды.
Жеңіл өнеркәсібі – тұрақты даму үшін орасан зор күш салуды қажет ететін сала. Осы бағытты дамыту жоланыда іс-әрекеттердің нақты механизмдерін әзірлеу масқатында съезге өкілетті мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП жетекшілері және жеңіл өнеркәсібі салаларындағы бизнес өкілдері қатысты. Бүгінде технологияларды модернизациялау жағдайында сала алдында 4.0 индустрияның айтарлықтай сын-тегеуріндеріне төтеп беру және импортты алмастыру бойынша маңызды міндет тұр.
Съезде баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр экономиканың тұтынушыға ең жақын саласы ретінде жеңіл өнеркәсібі серпінді дамуға барлық мүмкіндіктер мен алғышарттарға ие екенін айтты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сондай-ақ, байқалған оң өзгерістерге қарамастан, отандық тауар өндірушілер алдында бірқатар күрделі міндеттер тұрғанын айтты, олар: өндірісті модернизациялау, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарда инновациялық тауарлардың үлесін арттыру.
«Бұл ортақ міндеттер, оларды ең жақын арада бірлесіп шешу қажет болады», – деп қорытындылады сөзін Роман Скляр.
Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсібі саласында 1016 кәсіпорын жұмыс істейді. Соның ішінде 12 ірі, 26 орта және 978 – шағын кәсіпорын, яғни орта және шағын бизнестің үлесі 98,7%-ды құрайды. Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарында 12,9 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Соңғы он жылда жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің серпіні он тренд көрсетуде, жылдан жылға өндіріс көлемінің тұрақты дамуы байқалуда. Он жыл ішінде өндіріс көлемі 2008 жылдағы 27,5 млрд теңгеден 2018 жылы 93,7 млрд теңгеге дейін өсті.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жеңіл өнеркәсібінің дамуы туралы айтып, жоғары нарықтық бәсекелестікке назар аударды:
«Адамдар тауар сатып алу кезінде оның сапасына, қаптама дизайнына қарайды, өнім бағасына назар аударады. Бұл тауардың таралуындағы негізгі сипаттамалар. Бүгінде отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілері мектеп формасын да тіге алатынына қуанып отырмыз, өйткені осыған дейін біз осының бәрін сырттан тасымалдайтынбыз. Аталған съезд ары қарайғы дамуға жақсы серпін береді деген ойдамын. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жасалған талдау жеңіл өнеркәсібі өніміне жоғары сұраныс барын көрсетті, нарық бос, нишаларды игеруге әлеует бар. Барлық ұсынымдар мен ұныстарды тыңдағымыз келеді, бүгін айтылған жаңа идеяларды назарға аламыз».
Жеңіл өнеркәсібі өкілдерінің алаңында сөйлеген «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов дамудың 9 бағытын қамтитын Жеңіл өнеркәсібі салаларын дамыту жол картасын қабылдаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар Абылай Мырзахметов ішкі шикізатты дамыту мәселелері, заңсыз айналым мәселелері және мемлекеттік сатып алулар алаңдарында жергілікті қамтуды арттыру мәселелерін көтерді:
«Жергілікті қамтуды жоғарылату – сала даумының басым бағыттарының бірі. Жыл сайын түрлі мемлекеттік сатып алулар алаңдарында ең аз дегенде 60 млрд теңге жеңіл өнеркәсіп өніміне жұмсалады: 17 млрд теңге ауруханаларға төсек тысын алуға кетеді. Сонымен қатар қорғаныс саласының тапсырыстары бар, ҚТЖ және басқа да тапсырыстар бар. Бұл мүмкіндіктерге кәсіпкерлер баға/ сапа бойынша сәйкес келулері қажет».
Абылай Мырзахметов «Қарапайым заттар экокномикасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобалық алқа жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды:
«Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсібі бойынша 6 млрд теңгеге 26 жоба бар. Көрсеткіш үлкен емес, бірақ, өздеріңізге белгілі болғандай, Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің негізін шағын кәсіпкерлік құрап отыр, бұл саланың 96%-ы. Сондықтан тапсырыстардың көлемі шағын екені түсінікті, дегенмен әлеует бар, ірі кәсіпорындар да кеңейтуді қолға алады деп үміттенеміз».
Іс-шара шеңберінде отандық жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі және Utari, Samidel, I’m different, Saukele, Gulnara Kassym, ZekenModa брендтері, «Іңкәр Сезім» этностудиясы және Қазақстан технология және бизнес университеті түлектерінің қатысумен «Құру энергиясы» көрсетілімі ұйымдастырылды.
Съездің қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі және «Qaz Textilе lndustry» жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» ЗТБ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: