Шағын және орта бизнесті цифрландыру мен қаржыландыру
Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің отырысында бизнесті цифрландыру процесі екінші деңгейлі банктердің шағын және микробизнесті қаржыландыруына қалай әсер етеді, «Almaty Business» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы, Тауарлардың жалпыреспубликалық бірыңғай анықтамалығын әзірлеу туралы мәселелер талқыланды
Технологиялар дәуірінің дамуы бизнес қызметінің жаңашылдықтарға бейімделуін талап етеді, сондықтан отандық компаниялардың басым көпшілігі бизнесті цифрландыру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда оның қажеттілігі төмендемеуі тиіс, өйткені бизнесте маңызды шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың пікірінше, олар цифрлық нарыққа бейімделмесе, өсім мен кірістің айтарлықтай тежелуіне тап болады. Міне, сондықтан қазақстандық нарық үшін цифрлық трансформацияның кезі келді.
Жиын барысында «Halyk Bank» және «Альфа Банк» қызметкерлері тұтастай алғанда банк жүйесінің тез әрекет ететіні туралы айтты, цифрлық сервистер, өнімдік тізбелерді таныстырып, сонымен қатар шағын бизнеске қолжетімді несиелік мүмкіндіктерді айтты. Кәсіпкерлерге күнделікті бизнес-процестерді шешуге онлайн-банкинг, төлем карталары, эквайринг қызметі және арнайы әзірленген мобильді қосымшалар көмектеседі.
Банк қызметтерін цифрландырудан бөлек, банк өкілдері шағын, бірінші кезекте микро бизнесті несиелеу мәселесін көтерді, өйткені жоғарыда аталған субъектілерде әдетте бухгалтерлік есептілік жоқ.
«Шағын бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлердің 70%-дан астамы есептілікті дәптерде жүргізеді», – деп атап өтті «Альфа Банк» жаппай бизнес блогының атқарушы директоры Дамир Какиев.
«Halyk Bank» ШОБ сатылымдары департаментінің директоры Альфия Жексембайдың айтуынша, банктер өз тараптарынан онлайн қаржыландырудың түрлі өнімдерін әзірлейді, алайда банктерге бизнес өкілдерінен өз деректерін бұлтты деректер нарығын толтыру бойынша қайтарымды іс-әрекеттері керек. Осылайша, егер кәсіпкер бизнесті жүргізуге, есептілікті жүргізуге көмектесетін бұлтты сервистерді қолданса, қолма-қолсыз есептеуді пайдаланады, онлайн-қызметтер мен сервистерді қосады – бұл банктерге клиентке егжей-тегжейлі талдау жасауға, клиентті білуге және қажет болған жағдайда әртүрлі несиелік шешімдерді қашықтықтан ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда банк қашықтықтан кәсіпкерге кепілзатсыз, белгілі құжаттарды жинаусыз несие бөлуге дайын болады.
Өз кезегінде ШОБ-ты дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталов қазіргі таңда банктер онлайн-неселеуде үлкен қадамдар жасағанын, сондықтан шағын бизнеске қызметті ашық жүргізуге, оны бизнесті дамытуда айналым капиталын барынша тартуға цифрландыру үшін кәсіпті ашық жүргізу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, жиында Тауарлардың жалпыреспубликалық бірыңғай анықтамалығын құру талқыланды. Бұл анықтамалық өнімдерді сипаттаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуге және нарықтың барлық қатысушыларына аймақтар мен тұтастай елде сатылатын барлық тауарлар туралы бірыңғай деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда елімізде тауарлардың түрлі жіктеуіштері бар, атап айтқанда СЭҚ ТН, Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші, Тауар, жұмыс, қызметтің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы. Олар өздерінің жоғары мамандандырылған мақсаттарына ие және тек жеке пайдаланушылар топтары үшін қолданылады. Қолданыстағы анықтамалықтар арасында өтпелі жолдар қарастырылмаған, әр түрлі тауарлық анықтамалықтарда бірдей тауарлар әртүрлі кодтармен белгіленген. Осы анықтамалықтардың барлығы ыңғайсыз әрі сауда саласындағы бизнес өкілдеріне қолайсыз. Біздің міндетіміз бірыңғай анықтамылқты енгізу, онда әр тауар позициясы 90-нан 300-ге дейін бос жолақтан тұратын болады. Тауарлардың бірыңғай номенклатурасы ыңғайлы сауда жасау үшін тауарлардың штрих-кодтарын пайдалануға мүмкіндік береді, тауарларды кеденнен онлайн-кассалық бақылау арқылы тауарларды сатуға дейінгі аралықта бақылауға көмектеседі», – деп түсіндірді «Электронды қаржы орталықтары» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Дархан Біржанов.
«Бизнеске бұл қажетті. Мұны жүзеге асыру өте маңызды. Кәсіпкерлер қазіргі таңда номенклатураны қолмен енгізу үшін уақыт жоғалтуда, шығын көріп жатыр, бұл жұмыста қателіктер жиі орын алады, ал әр қателікті түзеу үшін уақыт керек. Біз осы анықтамылықтың сапалы әзірлеуін қадағалауымыз керек. Жұмыс тәртібінде міндетті түрде қатысуы керек қауымдастықтармен бірге осы мәселені шешуді ұсынамын», – деп қорытындылады Райымбек Баталов.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жетекшісінің орынбасары Сағындық Қанат жиын барысында «Almaty business – 2025» жобасын таныстырды, бұл жоба 5 негізгі бағыт: онлайн жән офлайн режимінде кәсіпкерлерді сапалы оқыту, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығын құру есебінен әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті жүзеге асыруға қаржылық қолдау, жаңа инвесторларды тарту, сонымен қатар үлгілік тұрақты объектілерді құру, сауад және сервистің тұрақты емес объектілерін құру арқылы инфрақұрылымды дамыту бойынша Алматы қаласында кәсіпкерліктің дамуына әсер етеді.
«Шағын бизнеске түрлі мүмкіндіктер берілген. Цифрландыруға көшу қажет – бұл уақыт талабы, біз трендті көрсетіп, шағын бизнесті көлеңкеден шығаруымыз керек. Цифрландыру бұл бірінші кезекте бизнесті тиімді жүргізу. Кәсіптің тұрақтылығы осыған байланысты. Мемлекеттік және екінші деңгейлі банктер шешімдерді ұсынуда, оны пайдалану керек. Бүгінде онлайн сервистер, бұлтты сервистерді енгізу қажет. Біз цифрландыруға кететін шығындарды субсидиялау Бизнестің жол картасына енгізілуін көтереміз. Жергілікті атқарушы органдар цифрландыру шығындарын субсидиялау үшін қаржы ресурстарын, бюджет қаражатын пайдалануы керек. Біз шағын бизнесті көлеңкеден шығуға, ашық жұмыс істеуге мотивациялаймыз», – деді Райымбек Баталов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: