«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰҚП басшылығы және Парламент Мәжілісі депутаттарының кездесуі өтті 

2019 жылғы 29 Қараша
1121 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП биылғы жылғы қызметінің қорытындысын жасап, есебін берді.

Палата басшылығы мен парламент мәжілісінің депутаттарының кездесуі Парламент Мәжілісінде өтті.

"Атамекеннің" сарапшылық пікірінсіз, бағалауынсыз көптеген заңнамалар қабылданбайды. Біздің жұмыс топтарымызда Палата мамандары үнемі талқылауға қатысады. Бүгін нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік аса маңызға ие. Бүгінгі кездесудің басталуына дейін Тимур Асқарұлы екеуміз 9 негізгі бағытты қамтитын, 2020 жылға арналған ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асырудың Жол картасына қол қойдық.

Жол картасына:

1. Бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2. Салық-бюджет саясатын жетілдіру

3. Мемлекеттік сатып алу, отандық тауар өндірушілерді қолдау

4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және жер қатынастары саласындағы мәселелерді шешу

5. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы мәселелерді шешу

6. Аймақтық даму (ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту)

7. Тұтынушылар алдындағы бизнес жауапкершілігін күшейту бағыттары енеді", - деп атап өтті алғы сөзінде ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Палатаның жалпы қызметі, жобаларымен депутаттарды таныстырды. Оның ішінде тұтыну кредиттері, нақты сектор, саналы протекционизм, кадр даярлау, т.б. мәселелерді қамтыды.

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев сөзін ауыл шаруашылығы кредиттеу мәселесінен бастады. Ол қаржыландыру көлемі "ҚазАгро" үшін өссе, 2-деңгейлі банктер үшін 3 еседей төмендегенін атап өтті. 

Спикердің пікірінше, ауыл адамдарына арналған агрокомпетенция орталықтарының маңызы зор. Технологияны сақтау секілді қарапайым сұрақтарға жауап беру, үйретудің рөлі артып келеді.

"Импорттау мәселесі толғандырады. 2009 - 2019 жылдары осы бағытта 8 млрд доллар кеткен, азық түлік тауарларына қатысты, мысалы сүттің үлесі 32,3 пайыз. Біздің есебімізше, 654 млрд инвестиция салынып, 400 млрд субсидия бөлінген жағдайда,  біз импорттың орнын жаба аламыз, 275 млрд қаражатты елде қалдыру мүмкіндігі бар", - деді Эльдар Жұмағазиев.

"Атамекен" өкілі сондай-ақ мұғалімдер мәселесін көтерді. Олардың жүктемесі де, жасы да ұлғайып келетіндіктен, жалақыны жоғарылатуды қарастыру туралы айтты.

Алайда спикер педагогикалық мамандықтардың түлектерінің 65 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс жасамайтынын да тілге тиек етті. Ал ауыл шаруашылығы  мамандарында мұндай көрсеткіш 89 пайыз екен.

Сөз сөйлеуші нарыққа қажет мамандықтардың теңгерімсіздігі мәселесінде Ақтөбе облысының мысалын келтірді. Тракторшыларға деген қажеттілік 300 болса, даярлау 53, ал аспаздардың жағдайы - керісінше болып шықты.

Еңбек нарығының сауалнамасын жүргізе отырып, 35 мың компанияның пікірін білген екен. Нарыққа биыл 52 мың, 2020 жылы 38 мың, 2021 жылы 35 мың маман қажет. Колледждерді профильдеу, мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде осы деректерді ескеру керек.

Кәсіпкерлерді қолдау бойынша "Бір терезеден қызмет көрсету бастамасы бойынша келесі жылға біздің индикатив мөлшері 2 есеге түсті. Қаржылық емес қолдаудың сипаты бойынша "Бизнес үшін үкімет" - бірыңғай қызмет көрсету сервисінің келешегі зор. 26984 мекеме ашылды, 45 мың жоба пайда болып, 841 млрд салық төленді", - деді спикер.

Субъектілер скринингі - "Атамекеннің" тағы бір жобасы. Көбіне ауылдық жерлердегі мониторинг пен сауалнама аясында 4 млн респондент, 2,8 млн үй шаруашылығы сарапталды. Бұл жоба бойынша көрсеткіш 81 пайызға орындалған. Енді осы бағыт бойынша "Атамекен" өңірлік бағдарламалар жамсауға көмектеспек. Тағы бір жаңашылдық - келесі жылдан бастап, бұл нәтижелерді смартфондардағы арнайы қосымшадан көруге болады.

Спикер Эльдар Жұмағазиев баяндамасынан кейін депутаттық корпустың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда арнайы экономикалық аймақ, индустриялық аймақ, Бизнестің жол картасы, т.б. тақырыптар бойынша деректер келтірді.

Ал Палата Төрағасы Абылай Мырзахметов депутаттардың "Бастау" жобасына қатысты сауалдарына жауап берді. Дәл қазіргі таңда жоба аясында жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтушылардың 60 пайызы бизнес-жобаларын тұрақты түрде қорғайды. "Атамекен" Үкімет қойған 20 пайыздық индикаторды 27-ге жеткізіп, асыра отыр. Мәселе - тек оларды үкімет тарапынан микрокредиттеудің көлемін арттыруға тіреліп отыр, сол кезде өз ісін бастағандар үлесі одан да артады. Қазір сол оқытылып, ісін бастаған 26 мың адамның 93 пайызы салық төлеп отыр.

Сөз соңында ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин қонақтарға алғысын білдіріп, «Атамекеннің» жұмысына оң бағасын берді. Алдағы уақытта жобалар бойынша ортақ жұмыстар жалғасын таппақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер