«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биометриялық сәйкестендіру digital-өнімдерін дайындау байқауына өтінімдер қабылдау басталды

2019 жылғы 27 Қараша
7247 просмотров

ID Challenge: биометриялық сәйкестендіру технологиялары қолданылған digital-өнімдерді жасауға бағытталған IT-мамандарға арналған байқау

Қазақстанда мобилді қолданбалар мен веб-қызметтерді әзірлеушілер, стартап-топтар, шағын және орта бизнес өкілдері мен ірі компаниялардың өнім жасаушы топтарына арналған ID Challenge байқауы іске қосылды. Ол 2019 жылғы 26 қарашадан 19 желтоқсанға дейін өтеді. Жүлде қоры – 1 млн. теңге және жасалған өнімге маркетингтік қолдау көрсету. Байқаудың ұйымдастырушылары – BTS Digital, Finnovate және Digital ID.

Байқау мақсаты – IT-мамандар тобын жинап, биометриялық сәйкестендіру технологиялары көмегімен бизнес пен қолданушылардың мәселелерін шешетін digital-өнім жасау. Өнімнің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін: сұхбаттас адамның тұлғасын тексеру, билет рәсімдеу кезінде жеке деректердің автоматты түрде толтырылуы, электрондық пошта арқылы құжаттардың көшірмесін жіберместен онлайн сатып алу немесе қашықтан сәйкестендіру идеясын өрбітетін кез келген басқа мақсат.

Байқауға бұған дейін құрылған топтар немесе бір идеямен біріккен бірнеше адам қатыса алады. Топ Қазақстан аймағында немесе одан тыс орналасуы мүмкін. Бірақ өнім ҚР тұрғындарына бағытталуы тиіс.

Басты шарт – Digital ID технологиясын қолданумен өз өнімін жасау. Digital ID – бұл клиенттерді қашықтан сәйкестендірудің Қазақстанда жасалған қызметі.

Байқау қорытындылары бойынша үш жүлдегер анықталады. Бірінші орын үшін қатысушылар 500 мың теңге, екінші және үшінші орын үшін сәйкесінше 300 мың және 200 мың теңге иеленеді. Жалпы жүлде қоры – 1 млн теңге. Сонымен қатар, жеңімпаздар Digital ID қызметін шектеусіз қолданудың жылдық лицензиясына, жасалған өнімдерге BTS Digital және BTS Education тарапынан маркетингтік қолдау, BTS Digital, BTS Education және Finnovate қызметкерлері тарапынан тәлімгерлікке, оған қоса Product Mindset Meetup шарасында іс көрсету мүмкіндігіне қол жеткізеді.

«Биометриялық сәйкестендіру әлемді баурап алуда және онлайндағы қарым-қатынасты бұдан да сенімдірек етуде. Біз бұл трендті Қазақстанда қолдағымыз келеді. «60 секунд ішінде тану» – байқауға біз осы ұранды таңдадық. Digital ID арқылы қолданушыға алғашқы сәйкестендіруді өтіп, өз тұлғасын растауына және серіктеске жеке деректерін беруіне шашамен осынша уақыт қажет. Байқауда қолданушыларға шынымен пайдалы болатын өнімдерді көре аламыз деген сенімдемін», – дейді өнім жетекшісі Владимир Меркушев.

Байқауға қатысу кезеңі ашылды. Өтініштер 2019 жылғы 9 желтоқсанға дейін қабылданады.

Байқау туралы толық ақпарат және тіркелу өтініші жобаның сайтында берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер