«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзбекстан ішкі нарығын импорттан қалай қорғауда?

2019 жылғы 26 Қараша
8319 просмотров

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанға тауар әкелген кезде жаңа талаптарды енгізу күтілуде

Жаңашылдықтар Өзбекстанға 400-ден астам қазақстандық тауарды тасымалдаумен айналысатын жүздеген компанияға қатысты болмақ.

 Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасының НҚА жобаларын талқылау жөніндегі ресми сайтында (https://regulation.gov.uz/ru/document/8037) Министрлер кабинетінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұтынушылық өнімдердің сәйкестігін бағалау бойынша жұмысты жақсарту, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қаулысының жобасы (ары қарай – Қаулы жобасы) жарияланды.

Қаулы жобасы  Өзбекстанға тауар жөнелткенде орындалуы тиіс бірқатар нормалар және талаптарды қарастырады. Жаңа талаптар қойылған тауарлар тізбесі СЭҚ ТН кодтарын көрсете отырып 102 тауар позициясынан тұрады.

Негзгі талаптар қатарында келесі жылы Өзбек еліне Өзбекстан Республикасының ұлттық белгісімен таңбаланбаған тауарларды өткізуге тыйым салынған. Басқаша айтқанда, Өзбекстанға экспортталатын өнімнің (тұтынушылық және азық-түлік тауарлар) әр қаптамасында өзбек тілінде жаңа белгі басылуы керек. Осы ретте жапсырмалы стикерлерді қолдануға жол берілмеуі тиіс (1-слайд).

Осыған қатысты бизнес бұл өзгерістер Қазақстанға ресми түрде жеткізілмегеніне алаңдаушылық білдірді. Қаулы жобасының қай кезеңде қабылданғаны және Өзбекстан Республикасының қаптамасына арнайы ұлттық сәйкестік белгісін қолдануға қандай талаптар қойылатыны, мұндай белгінің пайда болуына қандай талаптар қойылатыны, сондай-ақ, оны алу үшін қажетті сынақтардан өту тәртібі әлі белгісіз.

Бұдан бөлек, Өзбекстан қолданыста болған автомобильдер, шиналар, қосалқы бөлшектер, электр тұрмыстық техника және текстиль мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін кіргізуге тыйым салмақ. Аталған тыйым, бірінші кезекте, жеке тұлғаларға қатысты, және әлі күнге дейін осы талаптарды әкімшіліктендірудің механизмі қалыптаспаған (2-слайд).  

 Мұндай қысымға «BIO» («БИО»), HALAL (Халал), «ЭКО», «Экологиялық таза өнім», «ҒТА-сыз», «Органик» сынды белгілері бар отандық өнім түсуі мүмкін. Қаулы жобасын қабылдаудан кейін мұндай өнімдер Өзбекстанда осы жазуларды Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары растағаннан кейін ғана айналымға жіберілуі мүмкін. Тағы да айтып өтсек, мұндай таңбаларды растау шарттары туралы ресми құжаттар жоқ.

 Өзбекстан нарығына шығуға тежеу болатын тағы бір кедергі – тұрмыстық техниканы өндіруші зауыттың уәкілетті дилерлерімен және Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласындағы кем дегенде бір сервис орталығына міндетті түрде иелік етумен сату туралы талап болуы мүмкін. Оған дәлел ретінде электр-тұрмыстық тауарлар нарығының қысқаруы мен монополизациясын айтуға болады.

 «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын дамыту жөніндегі жобалық алқаның кезекті отырысында аталған мәселе егжей-тегжейлі қаралды.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісованың айтуынша, Жобалық алқа алаңында Қаулы жобасын талқылау мемлекеттік органдарға да, өңірлерге де инновациялар мен ықтимал қауіптер туралы ақпаратты бір уақытта жеткізуге мүмкіндік берді. Қаулы жобасымен қатар 2 қазанда Өзбекстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды, оған сәйкес импортты қантқа 20% мөлшерінде (СЭҚ ТН 1701 99) акциз енгізлуде, импортталатын суға акциздің (СЭҚ ТН 2201) кедендік құннан мөлшерлемесі екі есе артқан,  бағасы 40 мың АҚШ доллары көлемінде зауыттан шыққан күннен екі жыл аспаған жеңіл автокөліктерге 20% жеңілдетілген мөлшерлемесі алынып тасталды. Аталған тауарларға мөлшерлемесінің артуы Өзбекстанға қазақстандық экспорттың қысқаруын әкеледі. Акциздердің жоғары құны отандық экспорттың басты тежеуіш факторы болып отыр.

 Ұлттық палатаның Жобалық алқа отырысында айтылған пікірі бойынша, Өзбекстан тарапымен отандық экспорттаушылар үшін жаңашыл талаптарды орындауды өтпелі кезеңді беруге қатысты келіссөздер жүргізу қажет. Сонымен қатар қазақстандық тауарларды жеткізудің басымдығы бойынша акциз мөлшерлемелерін төмендету туралы келіссөздер жүргізу қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер