Алматыда алғашқы бюллетень жәшікке тасталды
Оңтүстік астанада Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне кандидаттарға онлайн және офлайн дауыс беру басталды. Айнұр Тұрысбек – отандық дизайнер және жеке брендтің негізін қалаушы, Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, дауыс беруге алғашқылардың бірі болып қатысты
Биыл Алматыда Өңірлік кеңеске алғаш рет сайлау жүріп жатыр. Бұл бақылаушы орган, оның қызметі, мәселен, Палата дирекциясы мүшелерінің кандидатураларын бекітеді, ағымдағы бизнес мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді, Кәсіпкерлер палатасының жұмыс жоспарын бекітеді және тағы басқа да қызметтер.
Кеңестің негізгі құрамы Палатаның құрылған уақытында жасақталған, ол уақытта әр саладан беделді кәсіпкерлер шақырылды. Одан кейін Кеңестің құрамы болмашы ғана өзгерді – жеке бизнесмендер жұмыстың ауысына байланысты келіп-кетіп жатты. Бірақ бизнеске «рестарт» қажет болды – құрам өз еркімен тарап, Кеңеске онлайн және офлайн сайлау арқылы кандидаттар сайлауы ұйымдастырылды.
«Кеңестегі 30 орынға 135 кандидат сайлануда, әрқайсысы өзінің сайлау алды бағдарламасын таныстырды, онда әр кандидат Кеңестің жұмысын қалай болжайды, бизнестің қаңдай мәселелерін шешу қажеттігін жазды», – деді Алматы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов.
Сайлау алды жарыста кім жеңіске жетеді? Үміткерлерді кәсіпкерлер өздері таңдайды. Кәсіпкерлер ұнаған кандидатқа 25-30 қараша аралығында vote.atameken.kz сайты арқылы дауыс бере алады немесе Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Атамекен» қолдау орталығы» арқылы дауыс бере алады. Сайлау учаскілерінің мекенжайлары мына сілтемеде.
Сайлау қорытындысы желтоқсан айында шығарылады, Өңірлік кеңестің жаңа құрамы БАҚ көздерінде жарияланады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: