«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕЭК туралы Келісім бойынша бизнес-қауымдастықтың шоғырландырылған позициясын ұсынды

2014 жылғы 11 Сәуір
8600 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық Экономикалық Комиссия туралы Келісімнің барлық бөлімдері бойынша бизнес-қауымдастықтың шоғырландырылған позициясымен таныстырды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінің брифингісі барысында ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлім етті.

«Жыл басынан бастап ҚР ҰКП өңірлік кәсіпкерлер мен қауымдастықтардың қатысуымен 30 аса жұмысшы мәжіліс өткізді, онда сонымен қатар қандай да бір бөлімдер бойынша бағдарлар жасалды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық Экономикалық Комиссия туралы Келісімнің барлық бөлімдері бойынша бизнес-қауымдастықтың шоғырландырылған позициясымен таныстырды. Қазіргі кезде бизнес-қауымдастық ұсыныстарының басым көпшілігі қазақстандық тараптың ресми позициясы ретінде қабылданып, үш жақты форматта келіссөздерге шцғарылды деп айтуға болады», - деді Рахым Ошақбаев.

Сонымен қатар, ол Келісімнің барлық бөлімдері мен қосымшалары бойынша түзетулер енгізілгендігін, яғни Кедендік Одақ және БЭК туралы келісімдердегі жетілдірілмеген жерлердің алынып тасталғандығын атап өтті.

«Біздің Кедендік Одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы қолданып жүрген келісіміміз бар, олар жай ғана бір құжатқа кодификацияланады және біз оларды айтарлықтай жақсартамыз. Осы құжаттарда болған жетіспеушіліктер алынып тасталды. Біз осы Келісіммен жұмысты оларды жақсарту ретінде қарастырған болатынбыз. Біздің ойымызша комиссияға негізсіз жіберілген көптеген функцияларды ұлттық деңгейге қайтарамыз», - деп атап кетті ҰКП төрағасының орынбасары.

Осылайша, Рахым Ошақбаевтың айтуынша, нормативтік-құқықтық база сапасының айтарлықтай жақсаруы орын алады және ЕЭК қосымша ешқандай қызмет алмайды.

Қазіргі уақытта ҰКП Ресей мен Белоруссиядағы әріптестерімен өзара белсенді әрекет жасап жүргенін атап кету керек.

«Келісім өте көлемді, ағымдағы редакциясында ол 750 беттен тұрады. Сондай-ақ біздің әріптестерімізбен, Ресей және Белоруссиядағы бизнес-қауымдастықтармен тығыз жұмыстар жүргізілуде. Бізде бизнес-сұхбат құрылды, бұл Ресейдің, Белорусьтің және Қазақстанның 3 ірі қауымдастығы және Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы төрт жақты келісім. Бұл біздің белсенді жұмыс жасап жүрген алаң", - деп қорытындылады Р.Ошақбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер