«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда спорт шебері қой өсіруді қолға алды

2019 жылғы 19 Қараша
- Павлодар облысы
6417 просмотров

Спорттан  – бизнеске. «Басту» жобасына қатысқан соң еркін күрестен спорт шебері осындай шешімге келді. Биыл Ақсу қаласында «Бастау» жобасы бойынша 303 тыңдаушы оқуға қатысты

Кейбір тыңдаушы қолданыстағы бизнесті кеңейту үшін оқуға келген. Ал Елікбай Оқасов сияқты басым көпшілік жеке кәсіпті енді бастағалы жатыр.

Елікбай Оқасов жас кезінде еркін күресті мықтап қолға алған балуан. Республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы болған. Еркін күрестен ҚР спорт шебері. Спорттағы жетістіктерге қарамастан жігіт ағасы бизнеспен айналысуды көздеп, әке жолын қуып, фермерлікті қолға алмақ.

«Әкем өмір бойы мал шаруашылығымен айналысты, қой, сиыр, жылқы өсірді. Еңбектің ауырлығына қарамастан өз ісіне берік. Өйткені мал шаруашылығы бизнестің табысты көзі», – деді жас кәсіпкер.

  «Бастау» түлегінде Баянауыл ауданы аумағынла жеке қора-жайы бар. Қазіргі таңда ол ферманы ретке келтірді: шатырды жөндеді, еденді қайта салды, терезелер мен электр сымдарын ауыстырды. Басқа да жұмыстарды атқарды. Елікбай Оқасовтың айтуынша, «Бастау» жобасына қатысу кәсіпкерлік негіздерін игеруге негіз болды.

 «Мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері, грант алу туралы білдім, бизнесті басқаруға қажетті дағдыларды алдым. Алған білім кәдеге асады деген сенімдемін. Еділбай тұқымды қой шаруашылығы фермасын қолға алмақпын», – деді кәсіпкер.

Бизнес-тренер Алмагүл Ғабдуллина ауылдық жерде мал шаруашылығы басым бағыт екенін айтты. Ақсулық бастауыш кәсіпкерлер тігін ісі, жылыжай, ТЖО, аспаздық, сауда, сұлулық саласы, құрылыс, клининг, репетиторлық, фастфуд, фото және бейне түсірілім, жарнама, мереке ұйымдастыру, қуыршақ театры саласында қызметтер сынды жобаларды қолға алған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер