«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Успен ауданында «Бастау» аясында 42 жоба қорғалды

2019 жылғы 15 Қараша
- Павлодар облысы
4912 просмотров

Успен ауданында «Бастау» жобасының биылғы жылдағы бесінші легі аяқталды. Өз жобаларын 42 түлек сәтті қорғап шықты

 Бизнес-тренер Асылбек Әріповтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы жобалардан бөлек, бизнес-жобалар қызмет көрсету, кондитерлік өнімдерді өндіру және өсімдік шаруашылығы саласында қорғалған.

Кәсіпкер Иван Бойко үй маңындағы бақшаның топырағын құнарлату   қызметін көрсетуді жоспарлауда. Жобаны жүзеге асыру үшін Иван Бойко жер өңдеуге арналған мотоблокты сатып алмақ.

 «Маған техниканы шұқылау, бірдеңені жөндеу, сонымен жұмыс істеу ұнайды. Хоббиім де «техникалық» – мотоциклдерді, саяхаттауды және жай ғана мотоцикл тебуді жақсы көремін. Енді сүйікті іспен айналысып, табыс тапқым келеді», – деді Иван Бойко.

Келесі түлек Павел Мошоник қияр мен қызанақты өсіретін шағын-жылыжай ашуды көздейді. Бастауы кәсіпкер оның өнімі сұранысқа ие болады деген ойда, өйткені ауылдағы көкөніс сырттан әкелінеді, әрі сапасы кейде төмен болады, бағасы өз алдына қымбат. Кәсіпкер жылыжайында тамшылатып суару технологиясын енгізбек. Дарья Семенченок шағын кондитерлікті ашпақ. Бойжеткен жастайынан балкүлшелер мен басқа да дәмді тағамдарды пісіруді жақсы көреді. Бастапқыда өзіне, отбасына пісірсе, кейін туыстар мен достарынан тапсырыстар түсе бастаған. Ары қарай тапсырыстар басқа ауы л тұрғындарынан ағыла бастады, осылайша шағын кондитерлікті ашу идеясы туды. Өз идеясын жүзеге асыру үшін Дарья Семенченко «Бастау» жобасына қатысты да «Еңбек» бағдарламасы арқылы жабдық сатып алуға  грант ұтып алды, ары қарай жас кәсіпкер жеңілдікпен несие алуды жоспарлап отыр.

 «Жеке кәсіпті бастар алдында ол кәсіп саған ұнауы керек, кәсіпке берілген кезде нәтиже болады. Сонда ғана табыс та көп күттіртпейді», – деді «Бастау» түлегі.

 Асылбек Әріповтың айтуынша, тыңдаушылар сонымен қатар тігін шеберханасын, шаштаразды, гүл павильонын, халыққа қызмет көрсету орталығы, тырнақ салоны және басқа да жобаларды ұсынған.

«Оқу модульдерін зерттеу барысында біз мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, «Ажболат» кредиттік серіктестік өкілдерін шақырдық. Онда тыңдаушыларға шеберлік сабақтарын өткізіп, сұрақтарға толымды жауап бердік. Сабақтар кезінде кейбір тыңдаушылар бастапқы идеядан бөлек, жаңа идеялар туындады, ал кейбір адамдар бастаған идеясына нығайта түсті. Әр қатысушыға табыс, сәттілік тілеймін», – деп қорытындылады Асылбек Әріпов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер