«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігі дамуда

2019 жылғы 15 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
9303 просмотров

Мәмлүт қаласындағы «Любимый» дүкені аудан орталығының тұрғындары арасында сұранысқа ие. Бизнес ханым Людмила Егорова қала тұрғындарына азық-түлік және азық-түлік емес заттарды ұсынады. Бизнес кәсіпкердің батылдығы әрі мемлекеттік қолдау арқылы табыс әкелуде

 Дүкен иесі Людмила Егорова бизнесін аздан бастады – қиын тоқсаныншы жылдары қажетті азық-түлік өнімдерін Ресейден әкеліп, дүкендерге тасымалдады. Уақыт өте келе, сатып алушылардың сұранысын зерттеп, тауар көлемін арттырып, жеке сауда нүктесінде бөлшек бағада сатты. Жұмысынан бос уақытында отағасы Михаил Павлович жұбайына көмектесіп жүрді. Базардағы сауда нүктесінен кейін кәсіпкер дүнгіршек ашады. Кәсіпкер сатып алушыларды жоғалтып алмауға назар аударып, тауарларды арзан бағада сатуға тырысты.

 «Отбасы мүшелері бір мүддені ұстанған кезде қызметті жақсарту бойынша пікір алмасу жүргізіледі. Біз артықшылықтар мен кемшіліктерді талқылаймыз, даму жолдарын ойластырамыз. Отбасы мүшелерінің барлық пікірі, ойы ескеріледі. Сонда ғана бастаған іс табыс әкеледі», – дейді кәсіпкер.

 Бизнеспен айналысу – бір қарағанда қызықты іс. Кәсіпкерде осы кәсіпке қатысты түрлі сұрақтар туындады. Жеке тәжірибе мен білім аздық етті. Бұдан бөлек шорқақтық әрі тәуекелдерге дайын болмау – барлығы бастауыш кәсіпкерді алаңдатты. Сондықтан Людмила Егорова көмек алу үшін Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінді.

 «Людмила Григорьевна біздің тұрақты клиентіміз. 2018 жылдың шілде айында ол бізге кезекті рет өтінім жасап, материалдық әрі моральдық көмек алды. Материалдық көмек тез рәсімделді, сол жылы «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» құрылды. Сол уақытта аталған бағдарлама өте ыңғайлы болды. Несие бойынша сыйақы мөлшері 8%-дан аспады, ал 10 млн теңгеге дейін қаражат 7 жылға берілді. Сондықтан біз кәсіпкерге осы бағдарламаны қолдануды ұсындық», – деді ӨКП Мәмлүт ауданы бойынша филиалының директоры Василенко Н.Н.

Кәсіпкерлікті алға жылжыту үшін кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» курсын оқыды. Жеңілдікпен алынған несиеге отбасы сауда орынжайын сатып алды. Құжат рәсімдеуге Палата көмектесті. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді, қосымша витриналар, сөрелер, мұздатқыш әрі тоңазытқыштар алынды.

Қазіргі шағын маркетте тауар ассортименті үлкен. Людмила Егорова аудан орталығының 7 тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етті. Қазіргі таңда қосалқы орынжайда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда ет павильоны ашылады.

Табыстың құпиясы – еңбекқорлық, клиентке тез әрі сапалы қызмет көрсету, тіл табыса білу және ары қарай ұмтылу. Бизнес ханымның мақсаты – клиенттер сұранысына сай қызмет көрсету. Тұрғындар арасында «Любимый» дүкені сүйікті сауда орнына айналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер