«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Литва кәсіпкерлері Қарағанды облысына келді

2019 жылғы 15 Қараша
- Қарағанды облысы
7615 просмотров

Қарағанды облысына келген литвалық делегация жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бизнес-форум Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті

Паневежиса қаласының мэры Миколас Ритис және Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Васюлис Гинтаутас жетекшілігімен келген литвалық бизнесмендер экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға ниет білдірді. Паневежис қаласы өндірістік орталық әрі Литваның ауқымы бойынша 5-шаһары. Делегация құрамында азық-түлік, қонақ үй бизнесі, логистика және басқа салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер енген.

 «Біз ынтымақтастықты өңірлік деңгейде күшейтуді көздейміз. Қарағанды облысы – ірі индустриялық аймақ. Литва Республикасы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі», – деп атап өтті Васюлис Гинтаутас.

 Облыста көтерме және бөлшек сауда саласында литвалықтармен бірлескен үш кәсіпорын жұмыс істейді. Делегаттар және жергілікті бизнесмендердің пікірінше, бизнес-қоғамдастықтардың кездесуі іскерлік қарым-қатынасқа жаңа серпін береді.

«Біз Литва өндірушілерімен таныстық, бізді қызықты жобалар күтеді деп ойлаймын. Әйелдер кәсіпкерлігі саласында олар қамтамасыз етілген. Біз бьюти индустрия, мейрамхана бизнес, спа, нан-тоқаш өнімдері және тұрмыстық химия саласындағы мүмкіндіктермен таныстық. Сонымен қатар Литва Республикасымен жеңіл өнеркәсібі және текстиль өнеркәсібі саласында да ынтымақтастықты нығайтамыз», – деді «Creative innovation institute» компаниясының жетекшісі Ирина Нечаева.

 Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 2018 жылы шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрады. Облыстың өнімі әлемінің 50 еліне экспортталады, соның ішінде Литва да бар. Алайда Литвамен тауар айналым болмашы – 2,4 млн АҚШ долларын құрап отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер